Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 13:00, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы:«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технология- ларды енгізу.Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Универ- ситеті мен зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс».

Содержание

Кіріспе
I Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы...............................................

1.1 Жиһаз түрлері және пайдалану мақсаты......................................................

1.2 Ас үйдің атқаратын қызметі..........................................................................

1.3 Ас үй жиһазының стильдері және жіктелуі..................................................

1.4 Ас үй жиһазын жобалау және құрастыру ерекшелігі.................................

1.5 Жиһаз өндірісіне қойылатын талаптар.........................................................

1.6 Макеттеу..........................................................................................................

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 571.51 Кб (Скачать документ)

Мысалы, қазіргі заман пәтеріндегі ас үйді алатын болсақ, ондағы көптеген өнеркәсіп өнімдері, яғни жиһаздар, ыдыс жуатын орын, тоңазытқыш, жарық құралдары қабаттасып тұратыны белгілі. Біраз жылдар бұрын Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институты, техникалық эстетика бейнелеп – құрастырушылары тәжірибелі өндіріс институтында пәтерлердің бірыңғай үлгілерін, соның ішінде ас үй құрал-жабдығының көркем жиынтығын отандық өнеркәсіпте шығаруды ұйғарды. Бұл іс оңайға соқпады.

Көптеген өнеркәсіптердің өнімдері тұтыну жағынан көлемі, түр-түсі жағынан мақұлданбады. Тек жеке өнімді жиынтықтың бір бөлігі ретінде ғана қарастыра келе, бейнелеп – құрастырушы, инженер – құрастырушылармен бірлесе отырып әсемдеп жоспарлап, жинақтады. Сонда ғана бұл өнімдер адам еңбегін жеңілдетуде, соның ішінде тамақ әзірлеу, ыдыс жуу, жинастыру т.б. жұмыстарға тұтыну жолдарын жеңілдетті. Ас үй әрі әдемі, әрі жинақы болып көрінді Адам айналасындағы барлық заттар өзара байланысты. Сондықтан бейнелеп – құрастырушы заттардың ойласып келісілген жиынтығын тек ас үйге емес жалпы пәтерге сай келуін ойластырады.

Бір сөзбен айтқанда өнімді жоспарламас бұрын оған сапалық баға беру, сонымен қатар әр түрлі тұтынушы топтардың талаптарына сай орындалуын қадағалау қажет.

Осы қызметтерді орындау барысында нобайшыға бірнеше талаптар қойылады, біріншіден, ғылыми білімнің аумақтылығын және көп салалы мамандықтардың қызметін түсінуін талап етеді.

Техникалық эстетика іс жүзінде тұтынудағы өнімнің жеке топтарына нақты талаптар қояды. Содан соң бұл өнімдер іс жүзінде бейнелеп – құрастыру жоспарлауынан әр-түрлі саладағы өнеркәсіптерде пайдаланылады. Техникалық эстетиканың жалпы топтардың бірыңғай өнімдеріне қойылатын талаптар негізінде болашақ өнімдердің көптүрлілігі мен бірізділігі пайда болады.

Барынша реттілік – бұл бірыңғай түрлі және белгілі бір көлемді бірдей заттардың техникалық эстетикалық талаптары болып табылады. Бұл талаптар адам тұтыну динамикасын қарастыру қорытындысы және шығарылған бірыңғай түрлі заттардың сапасына баға беру және сол заттардың даму тенденциясын білу және де тұтынушылардың пікірін қарастыру болып табылады.Осы алынған барынша реттілікті біріктіре отырып, тұтынуға қажетті заттарды құрауға мүмкіндік береді. Жоспарлау және өндіру кезіндегі жиһаздық тұтыну қасиетінің құрылымы.

Жиһаз өндірісі – жоспарды қарастыру мен техникалық қызметтердің орындалуынан тұрады. Жиһаз өнімдерінің құрылымын қарастыру ең алдымен ғылыми зерттеулерден және іс жүзіндегі тәжірибелер яғни олардың барынша көлемділігі мен құрама бөлшектерінің бөлме көлемімен, интерьерімен, адам денесімен үйлесімділігінен басталады. Жиһазды құрастыру ағаш өнімінің т.б. шикізаттардың экономикалық шығын есебімен сонымен қатар қайта жөндеуге жарамдылық есебінен барынша ыңғайлы және кең қолданыста пайдалануды қарастырады. Жиһаздың әр затын қарастыруда қойылатын басты мақсат, бөлшектерінің дәлме-дәлдігімен тазалығына сыртқы көрінісіне сонымен қатар түр-түсіне аса назар аударылады.

Кез-келген зат ешқашанда өзі жеке болмайды, ол заңды түрде белгілі-бір заттар жиынтығының бір бөлігі ретінде, мысалға ыдысты алатын болсақ ол дастархан мәзірінің бір бөлігі, ал дастархан яғни жиһаз жеке бөлшек ретінде тұрмыс пәтерінің немесе кеңсенің орнықталған комплексінің бір бөлігі болып табылады.

Осындай әрбір қарым-қатынас кез-келген деңгейде бүтін бір жинақталған, шектелген бірлік, функционалды және бейнелеп жинақталған ансамбль құруы тиіс.

Ансамбль – бұл жеке элементтердің жалпы бір-бірімен ұйымдасқан бүтін әрі жарасымды үйлесімділігі.

«Ансамбль» өнердің әр-алуан түрлерінде кездесетін түсінік, яғни түрлі функционалды элементтердің жиынтығы, сондай-ақ бірыңғай элементтер жиынтығы болып табылады. Ансамбль құрудың өзіндік ерекшеліктері және кәсіби ерекшеліктері мен заңдылықтары:

бүтін ретінде бір ғана затты қабылдамай, ансамбльдің барлық заттарының үйлесімділігін, ал жеке затты оның бір бөлшегі немесе бөлігі ретінде қабылдау.

 ансамбль құрғанда  ең алдымен жеке заттар арасында  олардың формаларына, санына, көлеміне, түсіне, құрамына назар аудару  керек.

ансамбльдің жеке затын таңдағанда оның формасын, көлемін, аудандық көлемін, түсін т.б. ерекшеліктерін оның болашақ орнына, заттардың жиынтығындағы рөліне, маңыздылығына назар аудару қажет.

функционалды мәніне қарай элемент неғұрлым маңызды болса, соған орай ол көлемділігі жағынан үлкенірек, анығырақ формасы жағынан «бақуатты» жан-жағындағы заттардан ерекшеленіп, ал ол заттар сол басты мүшесіне бағыныңқы болуы тиіс.

дұрыс үйлестірілген элементтер (заттар) кеңістікте өзара орналасуы, ара қатынасы құраушы орталыққа  өсу әуенімен заңдастырылған болуы тиіс.

Адамның қолынан шыққан заттар өздігінен, басқа заттардан бөлек, қоршаған ортадан жеке бола алмайды. Ешбір затты, ешбір өнімді, ешбір құбылысты жеке алып қарастыруға болмайды, өйткені әлемдегі барлық заттар бір-бірімен өзара байланысты.

Қоршаған орта мен нақты шарттардың тигізетін әсері: заттың көлем кеңістікке байланысты жалпы мінездемесіне; заттың өлшемі мен құрылымына; шикізатты таңдау және сырт келбеті мен стильдік мінездемесіне әсер етеді.

Заттың өлшемі мен ауданы оның қоршаған кеңістіктегі көлеміне байланысты;

Орны мен қоршаған ортасына, функцияналдық мәні мен жалпы құрастырушылық мақсатындағы рөліне байланысты.

Заттың сыртын өңдеу үшін таңдап алатын шикізат: қолданылу шарттарына, сырт көрінісі мен қоршаған орта мінездемесіне, қоршаған ортадағы орнына; нақты шарттардың қоятын талаптарына байланысты.

Заттың түсін анықтау оның қоршаған ортасының жалпы түстілігіне, жалпы композициядағы заттың рөліне, жалпы технологиялық процесттегі заттың орнына, психофизиологиялық талаптарына, белгіленген нақты шарттарға (жарық, температура мен ылғалдылығы мен тыныштық режимдеріне) қоршаған кеңістіктің көлеміне байланысты.

Жоғары анықталғандарды қорыта келсек: зат пен орта арасында күрделі, әр түрлі функционалды, композициялық және де басқа да қарым-қатынастар болады.

Сондықтан қандай да бір өнімді нақты шарттылықтан бөлек және тұтыну шарттарынан бөлек жоспарлауға болмайды.

Нақты шарттылығы мен тұтыну жағдайларын есепке алмай, жеке жоспарланған өнім еш қажетсіз яғни жарамсыз болып қалуы мүмкін. Соңғы жылдарда өнеркәсіп көркем жиһазды да шығара бастады.Қарапайым үлгідегі безендіру элементтерін пайдалы заттармен бірге жақсартылған фурнитурасымен және көркем, жоғары комфорттық және эстетикалық деңгейдегі жиһазда өндірілуде. Қабырғалар мен антресольдар, үш есікті шкафтар, жазу столдары, бір орындықтық кереуеттер, қабырға ілмектері, тахталар сияқты блок түріндегі жиһаз құрастырмаларын шығару да көбейді. Полиэфирлік өңдеу лактарымен жылтыратылған жиһаздар да көп. Алайда соңғы жылдарда ашық түсті күңгірт әрлеулі жиһаздарды өндіру де өсуде. Жиһаз өндірудің өсуімен оның жайлылығына, гигиеналығына, әрлеуіне, көркем безендіруі ерекше көңіл аударылады.

1.6. Макеттеу

Макеттеу бұрынғы уақытта кең қолданыста болған, оның графикадан айырмашылығы мәдениетті мәнсіз етіп көрсеткен, пластикалық өнермен аз байланыста болған.

Классизм мен барокконың қайта өрлеу кезеңіне қатысты суретшілік макеттердің орын алуы белгілі. XVIII-XIX ғғ. Орыс сәулетшілері Растрелли, Баженов, Тома де Томон, Монферан макеттеуді кең қолданған. Макетте көрермендер тарапынан болатын теріс ұғымдар, бөлшектердің масштабы негізгі пропорциялар тексерілген. Алмалы-салмалы макеттер жиі жасалмаған және орындардың тек қана сыртқы түрін жайлы ғана емес оның интерері жайлы да онымен санасуға болады. Өткен ғасырлардың ортасындағы сәулет макеттекді тәжірибелік жобадан ғана емес, оқу процесінен де шығарған. Жобалаудың әртүрлі сатысындағы макеттің ролі бірдей емес және соған сәйкесті материалменоны дайындау технологиясы анықталады. Мұның барлығы бұл кезеңдердің әрқайсысымен байланысты арнайы талаптар мен мақсаттарды ұғындырады.

Макеттен «түп-тұлғаны» үйрену кезінде жалпы пішінді немесе олардың бөлшектерінің үлесімін жеткере білу талап етіледі (күрделі түп-тұлғаны құру кезінде). Зерттеудің ыңғайлылығы үшін кейбір жағдайда негізінен, ол құрамды және жинала алаты болуы керек. Бұл кезеңдегі макеттің сыртқы пішіні өзгермейді және бұл оның тұрақтылығын алдын-ала анықтайды.

Макетті нобайлау тәжірибелік мақсаттар үшін, сонымен бірге айталық, ең жақсы жобалаушы үшін белгіленген, сондықтан ол сыртқы тартымдылығына ие болуы міндетті емес. Бірақ оның құрайтын ішкі жинағы әртүрлі үйлесуі үшін өзінің өзара орналасун өзгерті, орынауыстыру мүмкіншілігі болуы керек. Таза көрсетілген макет - жоба үстіндегі жұмыстың қорытындысы. Ол жобалау объектісі жайлы көрсетілімге көбірек толық мүмкіндік беруге тиісті. Заттың сыртқы пішіні бұнда анық таңдалған және бұйымның маңыздылығы мен мөлшеріне қарамастан нақтыланған. Кейде мұндай макеттер толығымен натурады орындалған бұйым өңдеуімен материалдарды еліктетеді.

Таза макеттегі пайдалы өңдеулер егер олар нақты өлшемдермен орындалған кезде ақылға сыйымды: сонда заттың қалай және нағыз кішірейгені ойландыратындай, кішірейтілген масштабта орындалған үлгінің жақсысын қалдыру. Егер автокөліктің макетін мысалы 1:10 масштабта, бөлшектерін хромдап, шанақтарын эмальмен жабады және т.б. жасағанда, сол үлгі ойыншық немесе сувенирмен қауымдаса бастайды.

Пластилин - әсіресе жобалаудың алғашқы кезеңдерінде макет дайындау үшін кеңірек таралған материал. Ол иілімді, кез-келген пішінді белгілейді және жеңіл қабылдайды. Пластилин әртүрлі тығыздықта (салыстырмалы қатты және өте жұмсақ) және әртүрлі түспен шығарылады, маңызды өлшемінде оның қолдану облысы анықтайды. Қара түсті нобайданған макетте, жалпы пластикалық шешімді қарастыру кезінде жұмсақ пластилин ыңғайлы - онының қажетті пішінді беру оңай. Егер негізгі пішім табылса онда пішіннің қажетті нюанстарын қарастыруда тығыз (балауыз) пластилиндер пайдаланылады. Жұмыстан алдын пластилин 70°-80°С-ден төмен температурада қыздырылады, одан жоғары температура кезінде оның кейбір компоненттерінің ізбе-із төмендеуінен бұзылуы мүмкін. Қатты пластилиннен таза макеттер де жасайды, кейде оларды бояйды.

Пенопласт - макеттеу үшін жеңіл және ыңғайлы материал. Одан ізденуші сияқты таза макеттерде орындалады. Пенопласттың құрылымы қатып қалған көбіктің құрылысын еске түсіреді.Оның барлық сорты басқа материалдармен желімденеді және жақсы сүргіленіп, кесіледі. Оның әртүрі әртүрлі қолданылады. Борпылдақ, тесік және өте жеңіл сәйкесті пенопласи толтырғыш ретінде қолданылады, кейбір жағдайлардың өзінде (үрмелі бұйым немесе жұмсақ ойыншықтарды макеттеуде) ол негізгі материал қызметін атқарады, сонымен таза макет үшін де. ПХВ-1 маркалы пенопластты нағыз әртүрлі пішінде үлгілеу үшін қатты және жеткілікті берік. Сондықтан оларды күделі лекальды беттегі таза макеттерді дайындауда жиі қолданады. Мұндай пенопласттан тұтас қатардағы бұйымдар үшін сипатты жұқа бөлшектерді орындауға болады (жол машиналары, медициналық жабдықтарды).

Қағаз бен картон макетеде әзірге өзгертілмейді: олар арзан. Жеңіл және жеткілікті берік. Қағазды және картонды макеттер синтетикалық желімнің пайда болуымен бірге ерекше кең қолданысқа ие болғанмен керемет беріктілікті иеленетін және өте жылдам ұстап тұратын. Желімнің барлық өзге сорттары желімдеу кезінде өзара перпендикуляр беттерді арнайы қақпашалармен кесу талап етілген. Қағазды мактті қолдану материалдың ерекшеліктерінен шығатын, анықталған шектеуге ие. Қағазды макетте мейлінше күрделі пішінді (бұл жеңіл болмаса да) беруге болады, бірақ келесі жұмыста ендігі кезекте ешқандай түзетулерді енгізу мүмкін емес, және басқа да: қағаздың көмегімен беттің ені жан-жақты қисықтығын  беру қиын. Егер жұмыс қағазды макеттен басталса, материалдың қасиеті пішіннің пластикалық түріне әсер етуі мүмкін нақты қауіп-қатер әрекет ете алады. Ол ережедей, тікбұрышты және цилиндрлі көлемдердің үйлесіменде құрылады.

Қазіргі уақыттағы полимерлі бетті материалдар - полистриол, оргәйнек және целлуоид макеттек тәжірибесіне берік кірген. Олар үлкен беріктік, тегіс бет, уақыт өте келе ешқандай деформацияға өзгермейді және жеңіл желімделеді. Кейбір ішкі ұқсастықтарына қарамастан аталған материалдар макеттеу кезінде ескеруге және білуге қажетті, өздері сапаларына тек сапасына тән ие болады.

Полистирол ұруға берік. 0,3-тен 3 мм-ге дейінгі қалыңдықта ақ және әртүрлі реңді көгілдір, жасылдау, қызғылт сары түрлері шығарылады; қалың лист лозбикпен арамен оңай кесіледі, жұқасын қайшымен қиюға да болады. Полистирол жақсы иіледі және штампталады, ал қалыптаудың ваккум әдісі оған кез-келген пішінді бере алады. Ол ыстық суда майысады, пластмасқа арналған әртүрлі желіммен және дихлорэтанмен жабысады.

Оргәйнек полистиролға қарағанда беріктеу, бірақ өзгешелеу материал. Ол мөлдірлігімен ерекшеленеді және қарапайым әртүрлі түсті реңге ие; көбінше бұдыр бетті ақ оргәйнек жиірек кездеседі. Листтің төменгі қалыңдығы 0,3мм, бірақ өндіріс оргәйнекті блок түрінде шығарады. Бірақ оргәйнектің беріктігі полистиролға қарағанда жоғары, бірақ желімдеу орны төмен. Оргәйнектің пластикалық қасиеті полистиролмен салыстырғанда нашар: оргәйнекті қайшымен қиюға болмайды - ол бұзылады; қалыпталуы да жаман. Есесіне механикалық өңдеуде жақсы беріледі, егелінеді, тесіледі, жөрмеленеді және полирленеді. Оргәйнек сірке эссенциясымен немесе дихлорэтанмен желімденеді. Гипсті-қалыптау ісі ертеден-ақ мүсінді қалыптау кезінде қабылданған, бұл кәсіпті кең қолданыстағы әдебиеттен барлық жіңішкелігімен танысуға болады.

Таза макет (дайын макет) үлгілерді жобалау процесінде табылғандай дайын күйінде жасалынады: одан алғашқы және құралған қалыпты шешеді, сосын бқ\ұл қалыпты майлап гипспен құяды, қалыпты ұстағаннан кейін алып тастайды. Алынған үлгі, түп нұсқаны дәлдікпен қайталаушы, дайын. Кейде қалып гипстен емес, желімнен істелінеді. Желімді қалып гипсті қатардың алдында артықшылыққа ие: желімді қалыпты алу оңай және ол көшірме бедерлердің бірнеше дүркін қайталануына мүмкіндік береді, ал бұл қажетті жағдай кезінде, егер, мысалы, бірнеше бірдей бөлшектерді - доңғалақ тісті, тумблерді біліктерді қоюда керек. Ешқандай бұйымдар тұтастай қалыпталмайды. Қандай да бір жағдайда оның құрамды бөлігі жекеше әзірленіп, сосын бір бүтін жиналады.

Информация о работе Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы