Ресей Федерациясының стандарттау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:35, реферат

Краткое описание

Стил мырза сондай-ақ басшыларға ұйымдарды аса тиімді және рентабельді басқаруға көмектесетін менеджмент жүйелеріне (ISO 9001 және ISO 14001 сияқтылар) ИСО стандарттарын халықаралық қолданылуы туралы еске салды. Ол Путин мырза еңбек мәселесі жөніндегі 100-Халықаралық конференциясына қатысу үшін Женеваға сапармен келгенін атап көрсетті және осыған байланысты 2010 жылдың қараша айында әзірлеуге ХЕҰ қатысқан әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстармен ISO 26000 стандарты жарияланғаны туралы еске салды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ресей Федерациясының стандарттау жүйесі 1.pptx

— 220.01 Кб (Скачать документ)

Ресей Федерациясының стандарттау жүйесі

 

Орындағандар: Шәкірова А.Е.

Асқарова  Л.Д.

Анарбаева Л.Б.

1993 жылы Ресей Федерациясының  стандарт жүйесі атты жаңа  редакция қабылданды. Бұл заңдағы  өзгертулер мен толықтырулар  Ресей Федерациясының халықаралық  жөн-жосықтарды жақындатады және  нарықтық экономиканың  дамуын  қарастырады.

Ресей стандарттар қорын қалыптастыру мен  дамытудың негiзгi мақсаттары, мiндеттерi 

 

    •  Ресей стандарттар қорын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстардың басты мақсаты жалпыұлттық мүдделер ескерiле отырып, өзара тиiмдi негiзде, Ресей стандарттар қорын қалыптастыруға қатысушы республиканың барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады. 

Мұндай мүдделердiң қатарында:

 

    • Ресей стандарттар қорының жұмыстарына бiрыңғай ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз ету;  
            Ресей  стандарттар қорының құжаттары мен ақпараттарын пайдалану саласында өзара тиiмдi ынтымақтастыққа жағдай жасау;   
            ғылымның, техниканың, өндiрiстiк, мәдениеттiң, бiлiмнiң дамуына жәрдем көрсету;   
            халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;   
            ашық ақпараттар мен ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiне, қоғамның практикалық қызметiнiң нәтижелерiне еркiн қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету;   
            өнiмдердiң, процестердiң, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң сапасын жақсартуға ықпал ету;   
            халықаралық стандарттардың негiзiнде стандарттау, метрология және сертификаттау саласында стандарттау, метрология, сертификаттау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн; стандарттар қоры мен жұмыс процестерiн механикаландыруды және автоматтандыруды жетiлдiру аталуы мүмкiн.   
            Бiрыңғай Ресейлік стандарттар қорын қалыптастыруға мүдделi республиканың бөлiмшелерiнiң бiрлескен күш-жiгерiмен шешiлуi тиiс бiрқатар мiндеттер бар:  
           Ресей стандарттар қорының ұйымдық құрылымы мен құрамын айқындау;  
           Қазақстанда Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының талаптарына жауап беретiн ақпараттық орталық құру;  
           Ресей стандарттар қорының ақпараттары мен құжаттарына қол жеткiзудiң тетiгiн әзiрлеу және бекiту;  
           Ресей  стандарттар қоры құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына бiрыңғай ыңғайларды көздейтiн нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және қабылдау;  
           бұрын құрылған Ресей стандарттар қорын пайдалану жөнiнде бiрлескен шараларды жүзеге асыру;   
          

Ресей стандарттар қорының ұйымдық құрылымы

 

    • Ұйымдық құрылым мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыруға қатысатын республиканың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ортақ мақсатты мүдделердi және мiндеттердi жүзеге асыру бағытталған келiсiлген жұмысын қамтамасыз етуi тиiс. 

Ресей стандарттар қорының жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшiн Ресейлік стандарттар қорының мынадай құрылымы ұсынылады:

 

    • Стандарттар мен стандарттық үлгiлердiң мемлекеттiк ақпараттық орталығы - уәкiлеттi органы Мемстандарт болатын мемлекеттiк кәсiпорындар;   
            Ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттау жөнiндегi техникалық комитет;   
            Мемстандарттың мемлекеттiк кәсiпорындарының қорлары; 

 

    • Республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының арнаулы қорлары олар әзiрленген стандарттармен және құжаттармен, сондай-ақ оларға бекiтiлген, оның iшiнде жұмыстарды жүргiзу, өнiмдер шығару жөнiндегi қызметпен өзара байланысты стандарттармен және құжаттармен жинақталуы тиiс. 

РФ стандарттар қорын қалыптастыру мынадай негiзгi принциптер:

 

    • Ресей стандарттар қоры құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметтiң бекiтiлген бағыттарына сәйкес өздерiнiң тәуелсiз қорларын қалыптастыруға арналған құқықтарын сақтау;   
            Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының тарифтер және сауда жөнiндегi Бас келiсiмнiң (ГАТТ/ВТО) талаптарын және шетелдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделiлiктi сақтау;   
            Ресей стандарттар қорын қалыптастыру және дамыту, оның iшiнде стандарттарды өңдеу, жүргiзу және тарату мәселелерiнде бiрыңғай саясат жүргiзу;   
            Ресей стандарттар қоры құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында өзара iс-қимылды қамтамасыз етудiң және олардың арасындағы функцияларды шектеудiң келiсiлген саясатын жүргiзу;   
            Ресей стандарттар қорының қызмет көрсетулерi мен құжаттарына арналған баға белгiлеудi реттеу мәселесiне келiсiлген адамдарды пысықтау;   
            қызметтiң бекiтiлген бағыттары бойынша ақпараттар мен құжаттамаларды тарату құқығын тану;   
            ақпараттар мен құжаттамаларды Ресей стандарттар қорының жұмысын үйлестiрудi жүзеге асыратын органға интеграциялау ескерiле отырып жүзеге асырылуы тиiс. 

Дербес жағдайда, ақпарат  енгізуде техникалық реттеу бойынша  жаңа нормативтік құжат қабылданды. Бұл жаңа енгізулер Ресейдің стандарттау  жөніндегі ГАТТ ХСҰ стандарттау  жөніндегі кодексіне кіруіне  өте маңызды. Стандарттау және сертификаттау  жөніндегі мемлекеттік бақылау  және қадағалау Халықаралық стандарттау  ұйымы (ХСҰ), толық жаңартылды.

Ресей Федерациясы  стандартының регламенті

 

    • Жұмыс ұйымын стандарттау.
    • Нормативтік құжаттаманың мазмұны мен қолданылуы.
    • Жұмысты ақпараттық қамтамасыз ету.
    • Мемлекеттік сынаудың міндетті талабы етілген мемлекеттік  бақылау және қадағалаудағы мемлекеттік стандарттың ұйымдастырылу және өткізілу тәртібі.
    • Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудағы мемлекеттік стандарт жұмыстарын қаржыландыру.
    • Мемлекеттік стандарттарды қолдану аясы.
    • Стандарттау жүйесіндегі заңды бұзғаны үшін жауапкершілігі.

Мемлекеттік стандарт жүйесінің  негізгі стандарты, Ресей Федерациясында «Стандарттау» заңына сәйкес, мемлекеттік  стандарттау жүйесі  іске асырылады. Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттау жүйесіне функционалдық, методологиялық сұрақтар қарастырылған. 1994 жылы 1 сәуірде жаңа редакциялық өзгертулер енгізілді.

Бұл жүйеге келесідей  құжаттар енгізілген:

 

    • ГОСТ Р 1.0-92 – «Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттау жүйесі», негізгі жағдайлар;
    • ГОСТ Р 1.2-92 – «Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттау жүйесі», мемлекеттік стандарт құрастыру тәртібі;
    • ГОСТ Р 1.4-92 – «Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттау жүйесі», қызметтік, ғылыми-техникалық, инженерлік және қоғамдық қызметтер, жалпы жағдайлар;
    • ГОСТ Р 1.5-92 – «Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттау жүйесі», стандарттың құрылуына, жасалуына, енгізілуіне, әзірленуіне,  мазмұнына қойылатын жалпы талаптар;
    • ПР 50.1.001-93 техникалық талаптарды ережеге сай бекіту.

 

Мемлекеттік стандарттауда  қаржыландыру мына ережелерге сай қарастырылады:  
1) Ресей Федерациясының  заңына сай белгіленген обьектіде қолданылатын стандарттарды қайта өңдеу; 
2) техника-экономикалық ақпараттық жұмыстарды жалпы Ресей классификаторларына сәйкес қолданылған құжаттарды жария ету; 
3) Стандартты маңызды мәселеге қатысты ғылыми жұмыстың  мемлекетаралық қарым-қатынасы; 
4) Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның әрекеті. 

Ресей Федерациясының стандарттау жөніндегі мемлекеттік  комитеті.  
ИСО МЭК басшылығына сәйкес стандарттау жөніндегі жұмыстарды белгілі бір  тағайындалған ұйымдар жүзеге асырады. Ұйым нақты тағайындалған жұмыстарды заңда немесе әкімшілік бірлік ретінде  қарастырады. Бұл мекемелерде, фирмаларда, ұйымдарда болуы мүмкін.

Ресей стандарттау жүйесiн жетiлдiру 

 

    • Ресейлік стандарттар қорын дамыту және оның құрамын толықтыру стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды дамыту мен жетiлдiрудi, оның iшiнде қажеттi нормативтiк құжаттаманы әзiрлеудi көздейдi.   
            Таяудағы жылдарға арналған стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарының iшiнде мыналар болуға тиiс:   
            халықаралық стандарттар мен дүниежүзiнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң ұлттық стандарттарын қолдану және мемлекеттiк стандарттарды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру;   
            өнiмнiң қауiпсiздiгi саласында заң шығару және нормативтiк базаны әзiрлеу;   
            басымдықтарды өнiмнiң, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiк нормаларын, терминологияны, өнiмдердiң жiктемесiн, өнiмнiң сапасын қабылдау мен бақылау ережелерiн, өнiмге таңба салуға, оны буып-түюге, тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптарды реттейтiн мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қарай көшiру;   
            денсаулық сақтау өнiмiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн стандарттау; бұрғылау және шикiзат өндiру процестерiн қоса алғанда, мұнай-газ саласы; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы экологиялық қауiпсiздiк бойынша және экономиканың бүгiнде олар болмай тұрған басқа да маңызды салалары бойынша стандарттар мен нормативтiк құжаттар кешенiн құру;   
            денсаулық сақтау (дәрiлiк заттар, дәрi-дәрмек, медициналық техника), еңбек қауiпсiздiгi және бiлiм беру ("Стандарттау және оқу орындары") саласындағы, бидай және бидай өнiмдерi, ет және ет өнiмдерi, қару-жарақ бойынша, ақпараттық технологиялар, өлшем құралдары, көлiк құралдары бойынша стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердi құру. 

Премьер-министр  Владимир Путин ИСО халықаралық стандарттарының маңызды рөлін атап өтті  

 

    • Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путин сауда, өнеркәсіп және технологияны дамытуға ықпал ететін ИСО халықаралық стандарттарын әзірлеуде Ресейдің қатысуына қолдау көрсететіндігін айтты. Ресей премьері сондай-ақ 2011-2012 жж. ИСО президенті Борис Алешин, ИСО бас хатшысы Роб Стил, ИСО мүше Ресей ұйымының президенті (GOST R – Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық агенттік) Григорий Элькин қатысқан Женевада (Швейцария) 15 маусымда өткен БҰҰ-ның бюросында сөз сөйледі. 
       
      Женевадағы Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың жыл сайынғы конференциясына келген Путин мырза ИСО қызметі «экономиканың, өнеркәсіптің және жоғары технологияның әртүрлі секторларына» үлесін енгізетіндігін атап өтті.  
       
      Ол ИСО жұмысына 500-ден аса Ресей сарапшылары қатысатындығын және Ресей осы жұмыста өзінің белсенді қатысуын жалғастыратындығын айтып өтті. Путин мырза Ресей қолданысқа енгізілетін ИСО стандарттарының үлесін ағымдағы 40% -ды 60%-ға дейін көбейтуін жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

  Назар аударғандарыңызға рахмет !!!

    • Премьер-министр ИСО бас президенті д-р Алешин Ресей уәкілі болып табылатындығына разылығын білдірді. Осыған байланысты ол мынаны қосты: «Мен оның білімі мен тәжірибесі ұйымды дамытуда оң ролін табады».  
       
      Путин мырза Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық агенттік ИСО-ға Санкт-Петербургте (Ресей) 2013 жылы Бас ассамблеясын ұсынғаны туралы атап өтті. Ол айтты: «Мен сіздерге Санкт-Петербургтің федералдық үкіметі және муниципалдық өкіметі кездесуді ең жоғарғы деңгейде өткізуді қамтамасыз етуге күштерін салатындығына сенімді болыңыздар демекшімін».  
       
      Ресей премьер-министрі сондай-ақ ИСО жұмысына ИСО-мен бірге әзірленген оқу бағдарламасын өткеннен кейін Ресей Федерациясының және ТМД елдерінің сарапшыларының қатысуын кеңейтуді қуаттады.  
       
      ИСО бас хатшысы Путин мырзаны қазіргі уақытта ИСО мүшесі болып табылатын, стандарттау бойынша 162 ұлттық ұйымдарды есептеген ИСО жұмысына көрсеткен қызығушылығына алғыс білдірді.  
       
      «ИСО-ның ағымдағы портфелі өмірдің, экономиканың, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін және қоғам дамуының экологиялық орнықтылығының барлық салаларын қамтитын 18 600 аса стандарттарды құрайды», - деп мәлімдеді Стил мырза. 
    • «Күнделікті өмірде біз барлығымыз стандарттарды маңызды дәрежеде басшылыққа аламыз. Біздің бір стандарттарымыз, мысалы, несие карталарының өлшемдерін белгілейді. Басқа стандарттар валюта кодтарын, тасымалдауға арналған жүк контейнерлерінің габариттерін анықтайды. Осы жетіде біз әлемде тұтынылатын энергияның 60 % оң тиімділігін көрсететін ISO 50001 энергия тиімділік саласындағы жаңа стандартты жарияладық».  
       
      Стил мырза сондай-ақ басшыларға ұйымдарды аса тиімді және рентабельді басқаруға көмектесетін менеджмент жүйелеріне (ISO 9001 және ISO 14001 сияқтылар) ИСО стандарттарын халықаралық қолданылуы туралы еске салды. Ол Путин мырза еңбек мәселесі жөніндегі 100-Халықаралық конференциясына қатысу үшін Женеваға сапармен келгенін атап көрсетті және осыған байланысты 2010 жылдың қараша айында әзірлеуге ХЕҰ қатысқан әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстармен ISO 26000 стандарты жарияланғаны туралы еске салды.  
       
      «Стандарттардың бастысы тәжірибелік құндылығы бар», - деді сөз аяғында Стил мырза: «Егер халықаралық стандарттардың ұлттық деңгейдегі ролін қарастырса, біз олар табиғи ресурстардың экологиялық тұрақты қолдануына және экономикалық өсуіне үлкен әсер ететіндігін көреміз».

Информация о работе Ресей Федерациясының стандарттау жүйесі