Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 14:17, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................2
І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары......................4
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы
туралы идеялар..................................................................... 4
1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі............. 27
1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері....................... 30
ІІ. Азаматтық қоғам ұғымы....................................... 34

Қорытынды.............................................................................. 36
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі...................................39

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 курсты0 ж9мыс.doc

— 182.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

                              ІІ. Азаматтық  қоғам  ұғымы

Азаматтық қоғам –  саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады.  

Азаматтық қоғам деп  адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады.

Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты.

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.

                                            Қорытынды

     Қорыта  келе құқықтық мемлекет деген  түсінік анықтамасы мен мәніне  қайта тоқталып өткен жоқ.

        Сонымен, құқықтық мемлекет – көпшілік саяси биліктік құқықтың нысанындағы құрылған қызметті, заңның жоғарлығына негізделген қоғамның жан-жақты заңға бағынышты актілерге қатысты нормативтік – құқықтық актілердің  түрлері ретіндегі заң басымдығы мен ғана емес, қолданылып жүрген заңдар мен қоғам мүшелеріне  бекілген құқықтар мен бостандықтың кен аясымен сипатталады. Құқықтық мемлекетте адам құқығын  қандай болмасын шектеуге жол берілмейді. Сонымен бірге құқықтық мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуын дәйекті және бұлжытпай қамтамассыз етуге және оларды қорғауға міндетті. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет өміріндегі түрлі саладағы құқықтың теңдік проблемасы принципті мәнге ие болады. Бұл мәселенің шешілуі мемлекеттің сондай теңдікті қамтамассыз ететін сенімді кепілдерді жасауын көздейді.

      Құқықтық  мемлекеттің айырықша сипаттарына  назар аудару керек және олардың  ерекше (спецфикалық) мазмұнның жақсы  игерген жөн. Бізде неліктен  әлі құқықтық мемлекет қалыптасып  болмағанын және ол үшін не  қажет екенін түсіндіре білу қажет.  

      Құқықтық  мемлекеттің қалыптасуына  байланысты  маңызды мәселелердің бірі ретінде  заңнаманың дамуы мен жетілуін  жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуын  қарастырған жөн. Соңғы кездері  біздің мемлекетіміздің демократиялық,  құқықтық мемлекет ретінде дамуы үшін негіз қалайтын көптеген заң актілері қабылданды.

         Ондаған жылдар бойы біздің  елімізде бір партиялы жүйе  болды. Ол заңды аппозициялық  партиялардың пайда болу және  қызмет атқару мүмкіндігіне жол  бермеді. Ресми, мемлекеттік идеология марксизм –ленинизм болды. Қазіргі кездегі демокартиялық құқықтық мемлекет түрлі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар өзара әрекет ететін, ресми мемлекеттік идеология  ретінде ешбір идеология танылмайтын кемелденген азаматтық қоғамның болуын көздейді. Құқықтық мемлекеттегі саяси өмір идеологиялық, саяси көптүрлік(плюрализм), көп партиялық негізінде қалыптасады. Сондықтан құқықтық мемлекеттің құрылу жолдарының бірі, осы жұмыстың бағыттарының бірі – жеке адам мен мемлекет арасында маңызды звено болатын, адам құқықтары мен бостандығын басым бөлігі жүзеге асатын азаматтың қоғамның дамуы, саяси көптүрлік қағидаларының бекітілуі.

         Қоғамымыздың мемлекеттік және  саяси өміріндегі көптеген жаңаруларының  табысын анықтайтын қажетті фактор- қоғамдағы саяси және құқықтық мәдиниеттің деңгейі. Соңғы кездері тек азаматтардаң ғана емес, мемлекеттік аппарат өкілдерінен анық көрінген құқықтың нигилизмнен арылу қажет. Демократиялық мемлекеттің бөлінбес сипаты- оның барлы мүшілерінің, лауазымды тұлғаларының конституцияны, заңды құрметтеуі және сақтауы.

Қазіргі кезде бұрынғы  КССРО аумағында мемлекет пен  құқықтық дамуындағы күрделі процестер- жаңа тәуелсіз- мемлекеттерде қазіргі азаматтық қоғам талаптарына сәйкес болатын мемлекеттік және құқықтың жүйелердің қалыптасуы жүріп жатыр. Қоғам адамның өмір деңгейіне елеулі әсерін тигізген және тоталитарлық жүйенің ондаған жылдар бойындағы өзінің үстемдігі кезінде тудырған жағымсыз нәтижелерді күрті білдірген қатты экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырап, қоғам мен құқықтың дамуы одан сайын қиындай түсуде. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

     Нормативті-құқықтық актілер.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 07.10.98ж. Баспа «Жеті жарғы» А., 2001
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 01.07.1999ж. А., «Жеті жарғы» 2002ж.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексі 13.07.1999ж. А., «Юрист»
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексі 13.12.97ж. №206-1 (өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарына № 163-ІІ 09.12.98ж.; № 238-ІІ 11.07.01ж.; № 244-ІІ 16.07.01ж. сәйкес енгізілген) Алматы, «Жеті жарғы» 2002ж.
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. (Қазақстан Республикасының заңдарына № 277-1 9 шілде 1998ж.; № 283-1, 10 шілде 1998ж.; № 430-1, 16.07.1999ж.; № 454-1, 23.07.99ж. сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Алматы «Жеті жарғы» 2002ж.
  6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсініктеме. Баспа «Жеті жарғы» А., 2002ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Аристотель, Политика. М., 1911. -155 бет.

2 Монтескье Ш. Избранные сочинения. М., 1955. – 289 бет.

3 Нерсиянц В.С. Общая теория права и государства. Учебник. М.Норма-Анфра. М. 1999. - 286 -бет

4 Материалисты Древней Греции. М., 1955. -55 –бет. 

5 Спиноза Б. Избранные сочинения. Т.П. М., 1957. 207-209, 261 - бет

6 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т 26. ч. 1. 371 - бет

7 Локк Д. Избранные философские произведения. Т2., 1960 16-17 –бет.

8 Гегель Философия права. М., 1990, 95 – бет.

9 Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.28. 427 – бет.

10 Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.12. 724 – бет.

11 Иеринг Р. Цели в праве. Спб., 1881. 47 – бет.

12 Еллинек Г. Общее учение о государстве. Спб., 1908 287 –бет.




Информация о работе Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам