Сириядын саясаты
Доклад, 06 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Сирия — Батыс Азиядағы мемлекет, Таяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың км2, астанасы — Дамаск қаласы. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы — Халық кеңесі (бір палаталы парламент). Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан БҰҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Сирия10.docx
— 256.51 Кб (Скачать документ)Сирия
الجمهورية العربية السورية Сирия Араб Республикасы | ||||||
|
| ||||||
Әнұраны: Homat el Diyar | ||||||
Елордасы |
Дамаск | |||||
Ресми тілдері |
Араб тілі | |||||
Үкімет түрі |
Президенттік Республика | |||||
— |
Президенті |
Башар әл-Асад | ||||
— |
Премьер-министрі |
Мұхаммед Наджи Отари | ||||
Тәуелсіздік |
Франция елінен | |||||
— |
1ші |
Қыркүйек 19361 | ||||
— |
2ші |
Қаңтардың 1 1944 | ||||
— |
Қабылдануы |
Сәуір17 1946 | ||||
Аумағы | ||||||
— |
Барлығы |
183 885 км² (88-ші) | ||||
— |
Су (%) |
0,06 | ||||
Жұрты | ||||||
— |
2005 ж. маусым сарап. |
19,043,000 (55-ші) | ||||
ЖІӨ (АҚТ) |
2005 сарап. | |||||
— |
Бүкіл |
$71.74 млрд (65 ші) | ||||
— |
Жан басына шаққанда |
$5,348 (101-ші) | ||||
АДИ (2004) |
0.716 (орташа) (107-ші) | |||||
Ұлттық ақшасы |
Сириялық лира (SYP) | |||||
Уақыт белдеу(лер)і |
EET (UTC+2) | |||||
— |
Жазғы уақыт |
EEST (UTC+3) | ||||
Интернет үйшігі |
.sy | |||||
Телефон белгілемесі |
+963 | |||||
Сирия — Батыс Азиядағы мемлекет, Таяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың км2, астанасы — Дамаск қаласы. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы — Халық кеңесі (бір палаталы парламент). Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан БҰҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.
Ежелгі Сирия
Пальмира қаласының атақты шөлі (Б.д. I—II ғ.)
Рим театры, Босра қаласы
Сирия жерін адамдар тас дәуірінен
бастап мекендеген. Сирия тарихы б.з.б.
4-ші мыңжылдыққа жатады. Археологта
Б.з.д. 2400-2500 жылдары Семит империясы, орталығы Эбла Қызыл теңізден Кавказ артына дейін созылып жатқан. Эбла тілі семит тілдерініңішіндегі көнесі болып есептеледі. Эбла кітапханасында 1975 жылы 17 мыңға жуық балшықтан жасалған
тақтайшалар бар.
- Б.з.б. 2-мыңжылдықтарда негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі аморей (Амориттер) тайпалары болды. Кейіннен Сирия гиксостар тайпалық одағы құрамына енді.
- Б.з.б. 8 — 6 ғ-ларда Сирия Ассирия, Вавилон патшалы
ғы, Ахемен әулетіне бағынды. Б.з.б. 338 ж. Александр Македонский мемлекетіне, ол ыдыраған соң Селевки әулетіне қарады. - Б.з.б. 64 ж. Сирия Римге қосылып, оның аса маңызды және неғұрлым бай провинцияларының біріне айналды.
- 4 ғасырдыңдың аяғынан Сирия Византия құрамында болды.
Б.з.д. XXIII ғ. империяны Аккад жаулап алды. Астанасын жермен жексен етті. Кейін Сирия жеріне ханаан тайпалары кіріп келді. [1] Ханаан тайпалары жайлап алған соң Б.з.д. 64 Сирия жері Рим империясы қол астында болды. Б.з.д. XVI ғ. XVI ғ. аралығында Сирияның оңтүстігінде басында Египет перғауынынна бағынышты болған Дамас қаласы болған.
Пальмира
Пальми́ра (гр. Παλμύρα, арамей
Араб халифаты, Османлы империясы тұсында
Сұлтан Ғази Абдуль-Мәджид I
Президент Әдиб әш-Шишакли
Хафиз әл-Асад
- 633 жылдан бастап Араб халифатының құрамына еніп, 661 — 750. Дамаск астана ретінде ислам діні орталықтарының біріне айналды. Сирия халқы арабтандырылып, мұсылман дініне көшті.
- 750 — 878 ж. Аббас әулеті, кейіннен басқа да әулеттер билік жүргізді. 13 ғ-дың 2-жартысынан Сирия египет мәмлүктерінің билігінде болып,1516 — 1918 ж. Османлы империясының құрамына кірді.
- 1918 — 20 ж. Сирияны ағылшындар басып алды. [2]
Француз мандаты
1920 — 1943 ж. француз мандаты
Бірінші Дүниежүзілік Соғысан кейін Османлы империясы ыдырады. 1920 жылы орталығы Дамаск болып Сирия Араб Патшалығы құрылды.һашимиттер т
1930 ж. Франция мандатын құптайтын, прзедиент сайлайтын, бірпалаталы жаңа конституция қабылданды.
1936 ж. Сирия мен Франция арасында Сирияның тәуелсіздігін қарастыратын келісімшартқа қол қойылды. Дегенмен Франция 1939 ж. Франция оны ратификациялаудан бас тартты. 1940 ж. Францияны неміс әскерлерінің оккупациялауына байланысты Сирия мемелкетінің басшылығы генерал Денцтің қолына өтті.
1941 жылы 27 қыркүйекте Франция Сирияға тәуелсіздігін
берді. Француз әскері Екінші Дүниежүзілік Соғыс біткенше
Сирия жерінде қалды. 1945ж. 26 қаңтарда Сирия Германия мен Жа
Жаңа тарихы
Президент Башар әл-Асад жұбайыАсма әл-Асадпен бірге
Сирия президенті Башар әл-Асад (сол жақта) Лула да Силвамен (оғ жақта) бірге, 2010
- 1943 ж. желтоқсанда Сирия тәуелсіздігін алды.
- 1945 ж. наурызда Сирия Араб елдерінің лигасын құруға атсалысып, 1948 — 49 ж. араб-и
зраиль соғысына қатысты. Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль басқыншылығы кезінде (1956) Египетті қолдады. - 1958 — 61 ж. Сирия Египетпен бірігіп, Біріккен Араб Республикасын (БАР) құрды.
- 1961 ж. БАР құрамынан шығып, Сирия Араб Республикасы болып жарияланды.
- 1967 ж. маусымда Израильдің шабуылына ұшырап, елдің бір бөлігі — Голан жотасынан айырылды. Қалыптасқан қиын жағдайға байланысты генерал Хафиз әл-Асад бастаған әскерилер өкімет басына келді.
- 1973 ж. ел конституциясы қабылданды. 1973 ж. қазанда Сирия Израильге қарсы соғыс қимылына қатысып, 1974 ж. Голан жотасын қайтарып алды.
- 1976 — 2005 ж. Сирияның бітімгершілік күштері Ливанға кіргізілді.
- 1980 — 88 ж. Иран-Ирак соғысында Иранды қолдады.
- 1980 — 90 ж. Таяу Шығыстағы араб мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатты.
- 2005 ж. көктемде Ливандағы бітімгершілік күштерін кері қайтарып алды.
- 1992 ж. 27 наурызда Қазақстан Республикасы мен Сирия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
Сирия басшылары
Осман империясы тұсында
Сирия Египеттің қоластынан 1517 ж. босады. 1517 ж. Осман сұлтаны Селим І Сирияны басып алды. Осман империясы тұсында Сирия 14 провинция-мухафазаға
бөлінде. Әр мухафазаны губернатор-мухафиз
басқарды. Мухафиздар тікелей Ыстамбұлға
бағынды. XVIII ғасырда Сирия жеріне Наполеонның әскерлері келді. 1833 жылы египеттік Мұхаммед Әли Сирияны бағындырғанымен, 1840 жылы Түр
Осман империясынан кейінгі кезең
1918—1920 жылдар аралығындағы басшылар
- Али Риза Паша әр-Рикаби: 29 қыркүйек — 5 қазан 1918
- Файсал I: 5 қазан 1918 — 8 наурыз 1920
Сирия патшасы, 1920
- Файсал I: 8 наурыз — 28 шілде 1920
Француз мандаты кезеңі, 1922—1936
- Субхи Бей Баракат аль-Халиди: 28 маусым 1922 — 21 желтоқсан 1925
- Франсуа Пьер-Алип: 9 ақпан — 28 сәуір 1926
- Дамади Шахрияри Ахмад Нами Бей: 28 сәуір 1926 — 15 ақпан 1928
- Тадж эд-Дин аль-Хасани: 15 ақпан 1928 — 19 қараша 1931
- Мухаммед Али-Бей аль-Абид: 11 маусым 1932 — 21 желтоқсан 1936
Сирия президенттері, 1936 — қазіргі күн
- Хашим аль-Атасси: 21 желтоқсан 1936 — 7 шілде 1939
- Насухи Салим аль-Бихари: 7 шілде 1939 — 9 шілде 1939, м.а
- Бахиджаддин аль-Хатиб: 10 шілде 1939 — 16 қыркүйек 1941
- Халед Бей Аль-Азем: 4 сәуір — 16 қыркүйек 1941
- Тадж эд-Дин аль-Хасани: 16 қыркүйек 1941 — 17 қаңтар 1943
- Джамиль аль-Ульши: 17 қаңтар — 25 наурыз 1943
- Ата Бей аль-Айюби: 25 наурыз — 17 тамыз 1943
- Шукри аль-Куатли: 17 тамыз 1943 — 30 наурыз 1949
- Хусни аз-Займ: 30 наурыз — 14 тамыз 1949
- Хашим аль-Атасси: 15 тамыз 1949 — 2 желтоқсан 1951 (уақытша)
- Фаузи Селу: 3 желтоқсан 1951 — 11 шілде 1953
- Адиб аш-Шишакли: 11 шілде 1953 — 25 ақпан 1954
- Маамун аль-Кузбари и. о.: 26 ақпан 1954 — 28 ақпан 1954
- Хашим аль-Атасси: 28 ақпан 1954 — 6 қыркүйек 1955 (уақытша)
- Шукри аль-Куатли: 6 қыркүйек 1955 — 22 ақпан 1958
- Гамаль Абдель Насер: 22 ақпан 1958 — 29 ақпан 1961 (БАР құрамында)
- Маамун аль-Кузбари: 29 қыркүйек — 20 қараша 1961 (м. а.)
- Иззат ан-Нусс: 20 қазан — 14 желтоқсан 1961 (м. а.)
- Назим аль-Кудси: 14 желтоқсан 1961 — 8 наурыз 1963
- Луаи аль-Атасси: 9 наурыз — 27 шілде 1963
- Амин аль-Хафез: 27 маусым 1963 — 23 ақпан 1966
- Нуреддин аль-Атасси: 25 ақпан 1966 — 18 қараша 1970
- Ахмед аль-Хатиб: 18 қараша 1970 — 22 ақпан 1971 (уақытша)
- Хафиз әл-Асад: 22 ақпан 1971 — 10 маусым 2000
- Абдель Халим Хаддам: 10 маусым — 17 шілде 2000
- Башар әл-Асад: 17 шілде 2000 — [4]
Қазіргі президенті
Башар әл-Асад (араб.: بشار حافظ الأسد, ағылш. Bashar Hafez al-Assad, 11 қыркүйек 1965 жылы Дамаскіде т
- Әкесі: Хафиз әл-Асад Сирия президенті.
- Анасы: Анис, Махлуф тайпасынан.
- Әпкесі: Бушра әл-Асад
- Ағасы: Басил әл-Асад
- Інілері: Махир және Мажид әл-Асад
- Жұбайы: Асма Фауаз әл-Ахрас[6].
2000 жылы желтоқсан айында Башар әл-Асад Асма Фауаз әл-Ахрасқа үйленді. Асма сириялық сүнниттерден болатын құрметті тайпаның қызы. Ол — экономист, компьютерных технологиялар жөнінде маман. Ұлыбританияда туылып, тәлім алған. Асад онымен Лондонды іс-тәжірибеед жүрген уақытта танысқан.
- Балалары: ұлдары: Хафиз, Зәйн және Карим[6] (басқа дерекетер бойынша Башар Асадтың екі ұл бір қызы бар).
Әкімшілік бөлінуі
Сирия 14 мухафазға бөлінеді, мухафазаны министрлер кабинеті бекіткен соң ІІМ тағайындайды. Әр мухафазада жергілікті парламент бар. Кунейтра мухафазасын 1973 Израиль басып алған. біршама бөлігі БҰҰ иелігінде.
Нөмірі |
Қазақша |
Арабша |
Халқы |
Қала |
1. |
Дамаск |
دمشق |
4,500,000 |
Дамаск |
2. |
Риф Дамаск |
ریف دمشق |
2,235,000 |
Дамаск |
13. |
Дәйр-әз-Зор |
دير الزور |
1,040,000 |
Дәйр-әз-Зор |
4. |
Дәрға |
درعا |
858,000 |
Дәрға |
10. |
Идлиб |
ادلب |
1,288,000 |
Идлиб |
8. |
Латакия |
اللاذقية |
891,000 |
Латакия |
12. |
Ракка |
الرقة |
811,000 |
Ракка |
7. |
Тартус |
طرطوس |
720,000 |
Тартус |
11. |
Халаб мухафаза (Алеппо) |
حلب |
4,120,000 |
Халаб (Алеппо) |
9. |
Хама |
حماه |
1,416,000 |
Хама |
14. |
Хасеке |
الحسكة |
1,225,926 |
Хасеке |
6. |
Хумс |
حمص |
1,561,000 |
Хумс |
3. |
Эль-Кунейтра |
القنيطرة |
69,000 |
Эль-Кунейтра |
5. |
әл-Сууәйда |
السويداء |
304,000 |
әл-Сууәйда |