Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:00, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық, тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберін-
де ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукыктык омирдегы зан мадениеты.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы заң мәдениеті

 

2.1 Заң шығарушының мәдениеті

 

Қазіргі қоғам азаматтарының мәдени құқығын қаллыптастыру міндеттерін шешуде құқық қорғау органдары мен заң шығару органдарының рөлі айрықша болып табылады. Әрине ол үшін сол органдардың қызметкерлерінің өздерінің заң мәдениеті жоғары деңгейде болуы керек. Соның ішінде Қазақстан Республикасыың парламнетінің депутаттарының заң жағдайына тоқталсақ. Қ.Р Парламентінің депутаты:

    1. Парламент  депутаты қандайда болсын аманатпен немесе тапсырмамен байланысты емес және Парламентке өз нанымы бойына дауыс береді.

    2. Депутаттың  өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының  бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына  мынадай ант береді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға,өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен атқаруға ант етемін». Антты президент қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі, Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы Соты Судьяларының, экс-Президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.

    3. Парламент  депутатының басқа өкілді органның  депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыстарды атқаруға, кәсіпкерлікпен щұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соғады.

4. Парламент депутатының  өкілеттігі ол орнынан түскен, депутат іс-әркетіне қабілетсіз деп танылған, Парламент таратылған жағдайларда және Конституциямен көзделген өзге де реттерде тоқтатылады.Парламент депутаты оған қатысты соттығ айыптау үкімі күшіне енгізілген,Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты қоныс аударған кезде өз мандатынан айырылады. Депутаттық өкілеттікті тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен Парламенттің тиісті Палатасы өз депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды.

Пардамент депутатының  өкілеттігін қолдану ауқымына қарай екі топқа бөлуге болады: 1) Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, органдарына қатысты өкілеттік; 2) басқа мемлекеттердің лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдарына қатысты Парламент атынан берілетін арнайы өкілеттік.

Депутат Парламент сессияларында  және ол оның құрамына кіретін оргадарының  отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс  құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен келісімдер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың есебін тыңдау туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар,басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Халықтың Парламенттегі  өкілі ретінде депутат өз тәртібі  мен қыметін қоғамдық әдептілік талабына негізделуі тиіс. Қазақстан Республикасы Парламенті Регламенті депутаттың әдеп ережесін белгіледі. Ол ереже депутаттың өкілеттігін атқару кезіндегі де қызметтен тыс уақыттағы да басшылыққа алынуы тиіс тәртіп нормаларын анықтайды.Депутаттық әдеп ережесіне мынадай нормалар жатады:

    • депутаттар бір-біріне және Парламент Палаталарының, комитеттерінің, комиссияларының және басқа депутаттық ұйымдардың барлық адамдарына құрмет сезімімен қарауы тиіс;
    • депутаттар өз сөздерінде депутаттардың және басқа адамдардың ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз кінә артып, дөрекі,жалған, қорлайтындай сөз сөйлемеуі керек;
    • депутаттар заңсыз және күштеп әрекет етуге шақырмауы тиіс;
    • депутаттар Парламент Палаталарының,оның үйлестіруші және жұмысшы органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуі қажет;
    • депутат шешеннің сөзін бөлмеуі қажет;
    • депутаттың басқа депутаттың карточкасын алып дауыс беруіне құқығы жоқ;
    • депутат зорлық-зомбылық,көз алартушылыққа,қорқыту мен азаптауға жол бермеуі тиіс.

Өзінің депутаттық қызметін жүзеге асыру барысында және қызметтен  тыс уақыттарында белгілі бір  ережені ұстануы керек. Депутат заңмен қорғалатын мемлекеттік және өзге де құпияны құрайтын ақпараттарды пайдалануға,ол құпияларды белгіленген тәртіп бойынша қатаң сақтауға міндетті.депутаттың өз қызметін бабына орай мемлекеттік және өзге де осындай құпия құжаттарды пайдаланатын кездері сирек кездеспейді. Осындай сипаттағы құжаттарға ұқыпсыз қарау мемлекет, қоғам мүддесіне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда әңгіме тек мемлекет нормасына ғана емес, заңды жауапкерщілікке де келіп тіреледі және Регламентте мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды сақтаудың қатаң тәртібі жөніндегі жауапкершілік туралы айтылған.

Палаталардың, олардың органдарының жабық отырыстарында депутаттарға  белгілі болған мәліметтерді жария етпеу де әдеп ережесіне жатады.

Егер депутаттың Парламент  атынан берілген арнайы өкілеттігі болмаса, ол шет елдердің лауазымды адамдарына және шетел органдарына қатысты тек өз атынан ғана сөйлей алады. Оны былай түсінген жөн, ол депутат ретінде емес, қатардағы азамат, жеке азамат ретінде сөйлейді. Шет елдердің лауазымды және шет ел органдарына қатысты ресми емес сөздерінде депутат,сөз жоқ, Қазақстан Республикасының мүддесін, оның азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, өз әрекетімен Қазақстан мүддесіне нұқсан келтірмеуі міндетті. Сонымен бірге депутат басқа мемлекеттердің заңдарын бұзбауы, онда тұратын халықтардың ұлттық дәстүрін және әдет-ғұрыптарын құрметтеуі тиіс.

Депутаттық әдет ережесі  оның жүріс-тұрысы болып табылады.

Депутаттық әдеп ережесі  депутаттың бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз конференцияларында, митингтерде сөйлеген және басқа жария сөздерін, мәлімдемелерін қамтиды. Депутат өз сөздерінде тек анық және тексерілген фактілерді ғана пайдалануы, өз мәлімдемесінен қоғамдық пікірде теріс ақпарат тудырмауы тиіс. Өйткені Парламенттен тыс жерлерде де   азаматтар депутатты заң шығару органының өкілі ретінде қабылдайды және оның сөзіне, мәлімдемесіне ерекше сезіммен қарайды. Сондықтан депутаттың ойланбай сөйлеген сөздерінің саяси теріс зардаптары болуы мүмкін.

Депутаттық әдеп ережесі  бойынша дәлелсіз немесе тексерілмеген  фактілерді әдейі немесе байқамай айтуы нәтижесінде зардап шеккен ұйымдардан, органдардан және жеке адамдардан депутат кешірім сұрауы тиіс.Егер адамдардың мүдделері мен ар-намысы елеулі түрде зардап шексе,жәбірленуші өзін қорғау үшін сотқа жүгінуі құқылы.

Депутаттың әдеп ережесін бұзғаны үшін депутатқа мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін: 1) парламенттік мінеу; 2) көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету; 3) Палаталардың бірлескен немесе бөлек үш отырысының бойында сөз бермеу; 5) Палаталардың үш бірлескен немесе бір бөлек отырысының уақытына отырыс залынан шығарып жіберу; 6) Палаталардың бірлескен немесе бөлек үш отырысы уақытына отырыс залынан шығарып жіберу; 7) бір күндік еңбек ақысынан айыру. Аталған жазалау шаралары Палата Төрағаларының шешімімен қолданылады.

Заң жауапкершілік. Қазақстан Республикасының Конституциясы мынаны көздейді: 1) депутаттың; 2) Палаталардың төрағаларының; 3) жалпы Парламенттің заң жауапкершілігі.

Қазақстан Парламантінің  депутаты депутаттық имунитетті пайдаланады. Имунитеттің аса маңызды элементтері  сөз және дауыс беру бостандығы, сондай-ақ депутаттық қол сұғылмаушылық болып табылады.Республика заңнамасы Парламент депутатын қол сұғылмаушылықтан айыру рәсімін регламанттейді. Бұл мәселеге тоқталып жату қажет емес. Тек Парламент Палаталарының депутаттары депутатты депутаттық қол сұғылмаушылықтан айыру туралы мәселені қарастырған кезде депутаттың саяси акцияларын Қылмыстық кодекстің баптарына әкеліп жықпауға тиіс екендігін атап көрсетейік.Депутаттың үстінен тиісті құқық қорғау органдар берген материалдар төмендегідей конституциялық қағидаларға орай қарастырылуға және бағалануға тиіс: 1) депутат қылмыс жасаған жерінде ұсталса; 2) депутат ауыр қылмыс жасаса. Парламент Палатасының депутаты депутаттық қол сұғылмаушылықтан айыру туралы шешімі саяси шара емес, конституциялық заң жауапкершілікті іске асыру болып табылады. Депутат саяси артықшылығынан емес құықтық артықшылығынан айырылады. Осыған байланысты бір конституциялық қағидаға назар аудару қажет. Қазақстан Республикасның Конституциясының 52-бабының 4-тармағына сәйкес парламент депутаты қылмыс жасаған жерінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартыла алатыны көрсетілмеген. Егер Конституцияның қағидасын сөзбе-сөз түсіндіретін болсақ,онда депутат ауыр қылмыс жасаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тек тиісті Парламент Палатасының келісімімен тартыла алады.

Заң шығару қызметінің заң мәдениетін көтеру үшін бұл аса жауапты үрдіске ғалымдарды,тәжірбиесі мол мамандарды,қоғам өкілдерін көптеп тарту талап етіледі. Қабылданатын заңның заң саласы көп ретте заңды дайындаушылардың біліктілік деңгейіне,олардың шешетін мәселесі теориялық және тәжірбиелік ойлау қабілетіне, заңи рәсімдеу шеберлігіне байланысты болады. Заң сапасы – оның тиімділігінің ажырамас шарты,түпкі нәтижесі де осыған тәуелді. Заң заң шығару техникасының қажетті деңгейіне сәйкес келуі мүмкін, бірақ оның ақыры әлеуметтік әділдікке нұқсан келтіріп, реттелуші қатынастардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмай кері әсерін тигізетінін де естен шығармаған жөн. Заң шығарушы органның заң мәдениеті бұқаралық және қоғамдық заң сананың құықтық тін,заң технологиялық тұрақты түрлерін түсіну,институциялық түсінуі қажет. Бұл   құбылыс заң түзуші үшін аса маңызды .

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы заң тәрбие тәжірбиесі

 

Заң білімін беру және қоғамды жетілдіру мәселелері өзара байланысты. Заманның осы проблемаларды қоғамның қажетіне айналдырды, өйткені мемлекетіміздің дамуының түбегейлі жаңа сатысы оның зияткерлік,мәдени және ізгілік әлеуметіне тікелей байланысты. Мұның бәрі өзгерген қоғамдық шындығына сай заң білім берудің ерекше маңызын айқындап отыр.

Заң білімін беру міндетін орындауды мектептен бастау керек, бұл процесс үздіксіз болуға тиіс,онда заң сауат пен ізгілікті тәрбие беру үйлесім табу керек. Заң білімін беру жүйелі,мақсатты,құндылықты болып, мектеп оқушыларының заң мәдениетін жоғарылатуға бағытталады. Ал заң мәдениеттің өзі заңды мінез-құлық ретінде көрініс табатын тұлғаның заң дамуының сатысы ретінде қалыптастырылуы тиіс. Біз мектеп оқушылары заң мәдениетті жақсы меңгеріп, оны құндылық ретінде қабылдауына және оларды заңды мінез-құлыққа бағытталған әлеуметтік-заң ұстаным болуына ұмтылуымыз керек. Бұған мектептер, жоғарғы оқу орындары,қоғамдық институттар,ғылыми мекемелер, мақсатты жұмыс жүргізген жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Орта мектепте заң білімін беруді енгізу туралы шешім қабылдауды кейінге қалдыру құқық білмеушілік, өз мүддесін заңды жолмен қорғай алмаушылық, құқық бұзушылық, заңсыздық сияқты қоғам үшін қауіпті қайтымсыз процесстерге әкелуі мүмкін. Ғылыми негізделген жүйелі заң білім беру өркениетті қарым-қатынас жасаудың бірден-бір жолы екендігін ұғынуға көмектеседі. Құқық азаматтарды қорғайды, олардың өмірін реттейді,сондықтан қоғамның лайықты азаматы болу үшін заң нормаларды білду шарт.

Заңгер ғалымдардың, педагогтардың заң білім барлық жастағы мектеп оқушыларын түгел қамту керек деген пікірімен келіспеуге болмайды, дегенмен бастауыш сыныптарда ол факультатив сипатында болуы мүмкін. Ал, 5-9 сыныптарда заң оқыту міндетті пән ретінде енгізілуі керек. Оқу құралдары міндетті және факультативті оқыту нысандарына арналып жазылуға тиіс.

Елімізде заң білм беру тұжырымдамасын негіздеу үшін теория мен тәжірбие негіздерін,еліміздің өз тәжірбиесін,оның тарихи өмір шындығын, сондай-ақ шетелдік педагогика дәстүрлерін теориялық тұрғыдан түйсінуі қажет. Осы жолда тұжырымдаманы,яғни адам құқықтарын оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын іріктеуді,біздегі білім беру жүйесінің өзінжік ерекшеліктерін ескере отырып,осы мазмұнды жүзеге асыру әдістерін, нысандары мен амалдарын таңдауды айқындау бойынша шетелдік әріптестеріміздің тәжірбиесін шығармашылықпен пайдалануға болады.

Бұл жағынан Әділет министрлігі  білім беру жүйесіне айтарлықтай  жәрдем бере алар еді. Алайда мұндада қиындықтар жоқ емес. «Жеті жарғы» баспасына материалдық-техникалық қолдау көрсету мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр.

Заң педагогиканың жалпы теориясы бойынша, жастарға заң білімін берудің түпкі мақсаты – заңды сапалы түрде сыилауды және өмірде белсенді түреде пайдалана білуді қалыптастыру. Алайда іс жүзінде жағдай басқаша.

Елімізде заң білім беруге жеткілікті назар бөлінбейді. Жаңадан әзірленген «Адам және қоғам» атты бағдарламада, өкінішке орай құқыққа аз орын бөлінген. Оқу орындарында әліге дейін сапалы оқу әдебиеттерінің тапшылығы байқалады, бағдарламалы оқулықтар, құқық тақырыбындағы көрнекті дидактикалық материалдар жоқ,ал қолда бар құралдардың мемлекеттік тілге адарылуының сапасына көңіл толмайды. Өкінішке, орай оқу орындарындағы заң білім беру қазірдің өзінде факультативтік сабақ деңгейінде қалып отыр, құқық бойынша бағдарламалар мен оқу құралдары заман талабына сай келмейді және сын көтермейді. Мектепте құқық негіздерін берудің сынақтан өткен жалпы қабылданған бағдарламасы жоқ, осы пәнді балалар мен жасөспірімдердерге оқытудың тиімділігі жағынан мектеп циклындағы дәстүрлі пәндерді оқыту әдістемелерімен салыстырарлықтай әдістемелік тәсілдер жоқ. Аймақтарда,әсіресе ауылдық жерлерде заң білім беруді қамтамасыз етуді қолға алу қажет.

Оқу орындары,ғылыми мекемелер  мемлекеттік органдардың қолдауымен осы күрделі мәселені шешудің теориялық базасын қамтамасыз етуі тиіс.Заң білім беру саласында келешегі бар ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқан жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында грант беру жүйесін пайдаланып, ғылыми зерттеулермен айналысу үшін қажетті жағдай жасау керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында құқықтық заң сауаттылықты ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысында мемлекеттік органдардың алдына нақты бағдарлама мен оның мақсаттары қойылған болатын, олар:

  • адамның жағарғы азаматтық қасиеттерін, оның жалпы заң  мәдениетін және әдеуметтік белсенділігін қалыптастыру;
  • оқушы жастарға таңдаған еңбек қызметіне дайындалу барысында арнайы заң білім беру;
  • құқық бұзушылықтың ерте алдын алу.

Информация о работе Қоғамдық өмірдегі заң мәдениеті