Әкімшілік жауапгершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:01, курсовая работа

Краткое описание

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді.

Содержание

Кіріспе 4
1 Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық сипаттамасы 5
1.1 Әкімшілік жауапкершілік түсінігі 5
1.2 Әкімшілік жауапкершілік қағидалары 5
1.3 Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары 7
2 Әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс тұлғалар 10
2.1 Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы 10
2.2 Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы
2.3 Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы 13
2.4 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 13
3 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар 16
3.1 Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлардың түрлері 16
3.2 Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату негіздері 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер ттізімі 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ 2012 год Әкімшілік жауапкершілік.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

Арнаулы құқықтан айыру  кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.

Әкiмшiлiк жазалардың басқа  да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды  қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.

Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.

Кәмелетке толмаған жас  басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын  мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген  тәрбиелiк ықпал ету шараларын  қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

      Кәмелетке  толмаған балаға тәрбиелiк ықпал  етудiң мынадай шаралары тағайындалуы  мүмкiн:

      1) заңды  түсiндiру;

      2) ата-аналарының  немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;

      3) келтiрiлген  зиянның есесiн толтыру мiндетiн  жүктеу;

      4) бос  уақытын шектеу және кәмелетке  толмаған баланың мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу [10].

Кәмелетке толмаған балаға бiр мезгiлде тәрбиелiк ықпал етудiң бiрнеше шаралары тағайындалуы мүмкiн.

Кәмелетке толмаған бала осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында  көзделген тәрбиелiк ықпалы бар  мәжбүрлеу шараларын жүйелi түрде  орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттiк орган, егер осы Кодекстiң 703-бабының 1-тармағында белгiленген ескiру мерзiмi өтпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған баланы әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.

       аңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.

Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.

Келтiрiлген зиянды жөнге  келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен  тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.

Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына  ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр  орындарға баруға, бос уақытын  өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мiнез-құлқына осы Кодекстiң 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгiленуi, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

Ескiру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.

Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық  үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған  кәмелетке толмаған адам осындай  жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Әкімшілік  жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар

 

 

3.1 Әкімшілік  жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлардың  түрлері

 

 

Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол  сұғушылықтан аулақ болу не басқа  адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады.

  Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

Құқыққа қарсы қол  сұғудан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен асып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс емес.

Құқыққа қарсы қол сұғушылық  жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл  адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын  болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

Адамға қажеттiлiктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады [11].

Қол сұғушылықты жасаған  адамды ұстау құқығына оған арнаулы  уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар  жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.

Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

Қатер төндiрген қауiптiң  сипаты мен дәрежесiне және қауiп  жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

Егер тәуекелмен байланысты емес iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) аталған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн  болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуiн болдырмау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел негiздi деп танылады.

Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау  немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.

Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара  алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп  мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк  құқық бұзушылық болып табылмайды.

Санаға әсер етiп мәжбүрлеу  нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу  нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн  сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн  әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 40-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның  осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық  болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған  адам жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайды.

 

 

 

3.2 Әкімшілік  жауаптылықтан және әкімшілік  жазадан босату негіздері

 

     

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты  бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл  адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар[12].

 Адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

Жеке тұлға әкiмшiлiк  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан  Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру  туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы  саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, Қазақстан Республикасының, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалар, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

  Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 387-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң  барысы iстi сот инстанцияларына  немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк  органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады [14].

.

Бұл мерзiмдердi есептеу  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн iс қайтарылған жағдайларда  қайтадан басталады.

Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

Аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.

Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату  туралы қаулысы көзделген мерзiмге  қарамастан, ол заңды күшiне енген  күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың  наразылығы бойынша қайта қаралуы  мүмкiн.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған  адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан  рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.

Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке белгiлi емес адамдар тобына қатысты шығарады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  белгiлерi бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруiне, сондай-ақ әкiмшiлiк  жазаны орындауға кедергi келтiретiн  науқасына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан  босатылуы мүмкiн.

Информация о работе Әкімшілік жауапгершілік