Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 14:06, реферат

Краткое описание

Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
2. Сот билігінің конституциялық негіздері
3. Сот билігінің функциялары
4. Қазақстан Республикасындағы судьялардың конституциялық –құқықтық мәртебелері
5. Қазақстан Республикасының сайлау органдары
5.1 Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері
5.2 Сайлау округтері
5.3 Сайлау учаскелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі .doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен  нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде  ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған  жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.

     Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясы және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек,олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:

- судьяның сот төрелігін  іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сайламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеуімен;

- судьяның ешкімнің  тиіспеуімен;

- судьяны қызметке  сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін  тоқтату және тқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

- судьяларға мемлекет  есебінен олардың мәртебесіне  сәйкес материалдық жағдай жасау  және әлеуметтік қамсыздандыру,  сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым  салу арқылы.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің  қарауында болады, оның тиісті органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағжайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Олардың өздеріне және мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келітілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Сөйтіп, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот  төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

5  Қазақстан Республикасының сайлау органдары

 

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
  • аумақтық сайлау комиссиялары;
  • округтік сайлау комиссиялары;
  • учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының  өкілеттілік мерзімі — бес  жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

 

5.1 Сайлау комиссияларының  құқықтары мен міндеттері

 

Сайлау комиссияларының  мүшелері мемлекеттік органдардың  өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:

  • ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;
  • жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;
  • азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
  • шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;
  • кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу;
  • аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.

 

5.2  Сайлау округтері

 

Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен  бірдей деңгейлес сайлау округтері  құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.

 

 

5.3 Сайлау учаскелері

 

Аудандар мен қалаларда  дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қорытынды

 

ҚР сот жүйесінің  бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше  аумақтық-әкімшілік бірліктерде  бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік  бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  барлық соттары судъяларының мәртебесі  бірдей болады және бір-бірінен тек  өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан  Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген  тәртіппен сульяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, олөз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
  2. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі