Сонымен, азаматтық
заң кейбір заттарды азаматтық
айналымнан шығарып тастайды. Өткені,
оны өзі мемлекеттің немесе
басқа тұлғалардың өзгеге беруге
болмайтын жеке дара меншігі болып
табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде
орман, су және басқа бірқатар обьектілерді
жатқызуға болады.
Заттарды бөлінетін
және бөлінбейтін деп жіктейді.
Бөлінетін заттар бөлінген күннің
өзінде тұтынушылық қасиетінен,
бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы,
бір бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден
бөлсеңіз де нан күйінде қалады емес пе.
Ал бөлінбейтін заттарды бөлсеңіз пайдаға
аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге
жарып кесіп тастаңызшы, онда ол тұтыну
қасиетінен айырылып қалады ғой. Саралаудың
мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде
айқын көрінеді.
Заттар құқық
қатынастарында жекеше белгіленген
және тектес қасиеттеріне қасиеттеріне
қарай белгіленген заттар деп
бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне
қарап, немесе бүтін бір тобына,
басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді.
Бірінші жағдайда жекеше белгіленген
заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне
қарай белгіленген заттар дпе атайды.
Жекеше белгіленген тек басқасына емес,
тек сол заттың өзіне ғана тән. Мысалы,
оған суретшінің суреттегі қолтаңбасы
немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады.
Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық
қатынасында тектес қасиеттерімен анықталады,
ал басқа ретте даралық сипатқа ие. Айталық,
тігін фабрикасы дүкенге 48 пішімді, 3-тұрақылы
(рост) 100 көйлек әкеліп сатуға шарт жасасты
делік. Бұл құжат бойынша аталған тауар
тектес белгілермен анықталады. Ал сатып
алушы әлгі жүз көйлектің өзгесін бере
алмайды.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын
болып екіге бөлінеді. Оның қозғалмайтынына
жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері,
учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер,
ғимарат және құралыстар жатады, олар
тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге
елеулі залал келтірмей бөліне алмайды.
Сондай-ақ азаматтық кодекс қозғалмайтын
заттар қатарына әуе және теңіз кемелері
мен ғарыш обьектілерін де жатқызады.
Себебі, олар халықаралық дәстүр мен халықаралық
төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай
аса қымбат саналатын обьектілерді пайдалану
белгілі бір мемлекет құзырынан шығып
та кетеді. Әрине, мұндай обьектілердің
қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен
сыласпайтындығын да мойындауға тура
келеді.
Қозғалмайтын
мүлікке берілетін құқық мемлекеттік
тіркеуден міндетті түрде өтуі
тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік
тіркеуге қозғалмайтын мүлікке
жасалған келісім де жатады. Алайда
біз бұл арады ереже талаптарынан шығып
кететін жәйттерді де кездестіреміз. Мәселен,
автокәсіпорын қазғалатын мүлік болып
есептелгенмен тіркеуге жатқызылады.
Кәсіпкерлікке
пайдаланылатын кәсіпорын мүліктік
кешен ретінде мүліктің (заттың)
ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорын
негізінен алғанда қозғалмайтын мүлікке
жатады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға
оның қызметіне керекті мүліктің барлық
түрі енеді. Ол тек қажетті обьектілерді
ғана қамтып қана қоймай, жер учаскесі,
ғимарат, құрылыстар тәрізді қозғалмайтын
болып көрінетіндерді өзіне қаратып алды,
тіпті жеке дара күйінде қозғалмалы мүлік
болып табылатын керек жарақ, құрал-жабдық,
шикізат, өнім, тіпті талап ету құқы да,
қарыз, атауы, туралы және фирмалық белгілер,
бәрі-бәрі одан іргесін аулақ сала алмайды.
Демек, егер кәсіпорын сатылатын болса,
онда оның иесі сатып алушыға өзінің қарамағындағы
барлық мүлікті беруге тиіс. Тек сатып
алушымен келісім арқылы мүліктің бір
бөлігін (мысалы, шикізат немесе кейбір
құрал жабдықтар) жекелей түрде сатуына
болады.
Қосалқы
зат және басты зат. Дербес
пайдалануға келмейтін, тек басқа
затпен (басты) ғана бірге пайдалануға
болатын заттар қосалқы заттар
деп аталады. Жалпы ережеге
сәйкес қосалқа зат басқа заттың
заңдық тағдырына әсер етеді. Енді
басты зат пен қосалқы заттарға мысалдар
келтірейік: құлып пен кілт, есік пен құлып,
үй мен есік. Егер сіз үйді сатып алу сату
жөнінде шарт жасассаңыз, онда оған үйді
есігімен, құлпымен, сондай-ақ кілтімен
сатылады деп жатудың қажеті жоқ. Өйткені,
ол басты зат пен қосалқы зат ережелеріне
бағынады. Сатушы есіктің құлпын алып
қойса, онда сатып алушы оны орнына қоюды
талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы
мен сатып алушы арасында жасалған келісім
шарт бойынша қосалқы затты басты заттан
бөлуге мәмлеге келе алады.
Жаңа азаматтық
кодекс азаматтық құқық обьектілерінің
тізіміне жануарларды да қосады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе,
оған мүлік жөніндегі жалпы
ереже қолданылады. Құқықты жүзеге
асыру кезінде жануарлармен ізгілік
принциптеріне қайшы келетін қатал
да аямаушылық әрекеттердің орын алуына
жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша
түсіндірме жасауды қажетсінеді. Біріншіден,
бұл арада әңгіме жан-жануарлардың бәріне
қатысты ма, әлде тек үй жануарлары туралы
ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне
жатқыза аламыз ба? Солай болған күнде
меншік иесі мұндай мүліктерді басқара
алмайды емес пе.
Сондай-ақ жануарға
“қатал қарау-аямаушылық” дегенге
орай оған әдейі зардап шектіру
шегі қалай айқындалады, бұл
да оңай сауал емес. Өйткені,
ғылыми тәжірібиеге байланысты жануарлады
азаптауға, тіпті өлтіруге тура келеді,
онда қалай болады? Бұл сауалдарға
жауапты тек соттың белгілі бір жағдайларға
байланысты шығарған шешім ғана жауап
бере алады.
Затқа
ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ
құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес
белгілермен анықталған зат болып табылады.
Тек оның көрініске қойылғандары ғана
оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында
теңге заңды төлем құралы болып есептеледі.
Ол банкнотта көрсетілген бірлікте-100
теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады.
Шетелдік валютамен есеп айырысу тек заңда
көзделген ретте жүзеге асады.
Валюта құндылығына
қымбат бағалы металдар, шетелдік,
банктік кірістер, акциялар, шетелдік
облигациялар жатады. Олармен келісім
жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының “Валюталық
реттеу туралы” заңымен жүзеге асады.
Бірақ валюталық құндылыққа меншік құқығы
басқа мүліктер тәрізді жалпы негізде
қорғалады.
Құнды қағаздар
да зат делінеді. Құнды қағаз
дегеніміз- белгіленген нысан мен
міндетті реквизиттерді сақтай отырып,
қайсібір мүліктік құқықты орнататын,
оны куәландыратын, өзін көрсеткендей
ғана құқықты іске асыратын құжат болып
табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен
жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады.
Құнды қағаз осы ерекшеліктерімен қарыз
алғанда берілетін қолхат ретінде әрекетке
түседі. Оның соңғысы мүліктік талапты
куәландыруға қызмет етсе, ал оны жоғалту
ондай талапты қоюда басқа куәларды
алға тартуға кедергі жасамайды. Құнды
қағаз өзінде көрсетілгендей, мүліктік
құқықты анықтайтын бірден бір құжат болып
есептеледі.
Ол белгіленген
және міндетті өлшемдерді (реквизиттерді)
сақтай отырып жасалады. Мәселен,
жалпы ережеге сәйкес коносамент
жарамды болу үшін оның белгіленген
өлшемі болуы шарт. Онда коносаменттің
атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген
ұсыныс, оны кімнің төлейтіндігі, атауы,
төлемді төлеу мерзімі мен орны, кімге
немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем
жасайтындығы, коносаменттің жасалған
уақыты мен орнын көрсету, коносаментті
берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады.
Осылардың біреуі болмаған жағдайда коносамент
жарамсыз болып танылады.
Құнды қағаздарды
бір тұлғадан екіншісіне беруге
болады. Бұл орайда құнды қағазда
қамтылған құқықтардың бәрі соның
қарауына өтеді.
Қазіргі кезде
құнды қағаздың негізгі түрлері деп кеңінен
қолданылып жүрген облигацияны, акцияны
жинақ және депозитивті сертификаттарды
айтамыз.
Құнды қағаз ретінде
облигация оны шығарушы (көбіне
көп мемлекет)мен сатып алушының
иесі белгілі бір тәртіппен
есептелген оның номиналды бағасы мен
пайзының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс
жолымен). Акция оны иеленушінің (акционердің)
акционерлік қоғам түсірген пайданың
бөлігін девидент ретінде алу құқығын
бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның
басқару ісіне қатысу құқығы беріледі,
ал акционерлік қоғам таратылған кезде
оның пайдасының бір бөлігін меншіктену
құқығына ие болады. Банктың жинақ және
депозитивтик сертфикаты банкке ақша
салушының белгілі бір мерзім өткен соң
оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынандай
үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және
ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға
беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана
жүзеге асырады. Оған мәселен жинақ және
депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік
түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі,
бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде
бергені туралы оған жазады (индосамент).
Ал ол өз кезгінде бұл қағазды үшінші біреуге
бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге
беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы
құқыққа ие болады. Оған облигация және
акция жатқызылады.
Құнды қағаздар
шығару (эмиссия) тәртібі мен оны
ұйымдастырып шығарушылардың (эмитент)
жауапкершілігі заңмен реттеледі.
- Субьективтік азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау.
Біз жоғарыда
айтып өткеніміздей, субьективті азаматтық
құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез
келген құқық қатынастарының, оның ішінде
азаматтық құқықтың түп қазығы болып табылады.
Субьективтік құқытардың сипаты олардың
саралауы арқылы көрінеді. Біріншіден,
абсолюттік (шек қойылмаған) және арақатынасты
құқық болып бөлінеді. Ал олардың айырмашылығы
неде? Оларға тән ортақ қасиет аталған
құқыққа сәйкес міндет кімнің мойнына
жүктелгендігіне байланысты мәселе деуге
болады. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға
басқа қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың
жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді.
Бұл құқықтар жөнінде үшінші тараптағылардың
бәрі де міндетті субьект болып табылады.
Мұндай құқықтар абсолюттік (шексіз) құқық
деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда-абсолюттік
құқықты қандай біреу болмасын бұзуға
болмайды, сондықтан бұл құқық қандай
біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс.
Мұндай құқыққа жататындар: меншік құқығы,
авторлық және т.б.
Абсолюттік азаматтық
құқық мазмұны жағынан қарама
қарсы тұрған арақатынасты құқық:
бұл құқық бойынша міндетті болатын бір
ғана белгілі жақ немесе бірнеше белгілі
жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған
субьектіге не міндетті субьектілерге
ғана күші бар, сондықтан бұл міндетті
бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілелерге
негізделген құқықтардың бәрі де арақатысты
құқытар болып табылады. Бұл құқықтарды
орындауды мәмлелер бойынша сол міндеттерді
мойнына алушылардан ғана талап етуге
болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір
жұмысты орындау т.с.с. міндеттер.
Екінші саралау
азаматтық құқықтық заттық және міндеттемелік
деп бөледі. Заттық құқық деп заттар жөнінде
туатын құқықты атайды. Бұл құқықтың иесі
өзінің осы құқығын басқаның көмегіне
мұқтаж болмай ақ, тікелей іске асыра алады.
Заттық құқықтардың ішіңдегі бастысы
–меншік құқығы. Енді мынандай мысалға
жүгінейік, меншік құқығы затқа тән, сондықтан
да зат меншік иесінің тікелей иелігінде
болады, меншік иесі мен заттың арасында
ешқандай делдалдық жоқ. Сатып алушының
затқа құқығы міндеттемелік деп бағаланады.
Ол затты яғни тек сатушының, яғни міндетті
адамның қатысуымен ғана ала алады. Заттық
құқықтар абсолюттік құқық, ал міндеттемелік
құқық –арақатынасты құқық болып табылады.
Енді саралаудың
үшінші түріне келейік: мұнда
құқық мүліктік және мүліктік
емес дап бөлінеді. Бұл жөнінде
біз бірінші тарауда айтқан едік. Сонымен
азаматтық айналымға қатысушылар өздерінің
құқықтарын емін еркін қолдана алады.
Дегенмен де заң азаматтыққұқықтарды
жүзеге асыру шектерін айқындайды. Бріншіден,
оның азаматтық құқығын басқа біреуге
қасақана залал келтіру үшін пайдалануына
тыйым салынады, сондай-ақ өзге құқық түрлерін
қолдану арқылы әлгіндей мақсатқа жол
берілмейді.
Мұндай құқықтарды
өзге біреуге залал ету үшін
қолданылуын айқындау сот тәжирбесінде
мүмкін бе, жоқ па айта қою
қиын. Ал құқықты тұлғаның өзінің бас пайдасына
жолсыз пайдалануының өзге түрлеріне
келетін болсақ, ол азаматтық құқықтарды
жүзеге асыруды шектеуде ескертілген.
Бәсекелес кезінде комерциялық ұйымдардың
азаматтық азаматтық құқығын шектеу олардың
бас пайдасы үшін жолсыз әрекеттерге баруына
тосқауыл қоюдан туындаған. Бәсекені шектеу
белгілі белгілі бір тауар өндірушіден
тек бір екі фирманың ғана тауар алу мүмкіндігінен
көрінеді. Коммерциялық ұйымдардың өзін
жоғары қою деп оның монополистік пиғылмен
бағаны асапандатып жіберуін айтады. Бұл
өзі кеңінен тараған құбылыс.
Бұзылған немесе
дауға түскен азаматтық құқық
сотпен қорғалады. Бұл орайда
сот әртүрлі тәсілдерді қолданады.
Құқықты тану.
Бұл жағдайда сот кімнің дұрыс,
кімнің бұрыс екндігін, кімнің
құқығына жөнсіз қиянат жасалғанын анықтайды.
Мұрагерлік жөніндегі дауда мұрагердің
біреуі өзгесінің құқығын мойндамаса,
онда сот мұрагерлікке құқықты тану жөнінде
шешім шығарады.
Бастапқы жағдайды
қалпына келтіру және құқықты
бұзатын немесе оның бұзылу қаупін
туғызатын әрекеттерге тыйым салу. Оған
мысал ретінде затты иеленушіден алып
беру құқығын, сондай-ақ оны бұрынғы заңды
иесін қайтаруды айтуға болады. Егер сіз
затыңызды жоғалтып алып, оны біреуден
көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды қайтара
аласыз.
Залалды өтеу.
Егер тараптарға оның құқығын
бұзу арқылы залат келтірілсе,
онда ол құқық бұзушыдан толык
түрде өтемін талап етуге құылы.
Залал бұл арады келтірілген
материалдық зианның ақшалай
көрінісі болып есептеледі. Қазақстан
Республикасы азаматтық кодексінде
залалдың екі түрі қарастырылады. Біріншісі
–нақты нұқсан келтірілген залал, яғни
мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, немесе
бұзылған құқықты қалпына келтіретін
шығын. Екіншісі –алынбай қалған табыстар
(айырылып қалған пайда) яғни дағдылы айналым
жағдайында оның алуына болатын, бірақ
алынбай қалған табыстарды егер ол түскен
болса, онда құқық бұзылмаған болар еді.
Айталық, автокөлік оқиғасының автомашина
такси бүлінді делік, ол бір апта жөндеуде
тұрады.автопарк бұл арады залалдың екі
түріне де ұшырайды: оның бірі нақты залал
–яғни жөндеуге кеткен шығын көлемі, екіншісі
–есесін жіберіп алуы, яғни автопарктің
таксидің жөнедеуде тұруына байланысты
босқа кеткен уақыттан түспей қалған кіріс
сомасы.