Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 21:09, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
4. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_ref_4.doc

— 139.00 Кб (Скачать документ)

Мұндай құралдарға жасырын хабарлар алуға, ондағы бағдарламаларды ашуға арналған арнаулы құралдар, аппараттар жатады.

ҚК-тің 143-бабының 2-тармағында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өткізу немесе алу үшін жауаптылықты көздейтін жеке қылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген.

Осы қылмыс құрамын анықтау үшін біріншіден көрсетілген заттарды: 1) өндіру; 2) өткізу; 3) өткізу мақсатында алуды анықтау қажет. Мұндай техникалық құралдарды жасаудың мақсаты — осы құралдар арқылы ақпаратты жасырын алу болып табылады. Бұл әрекеттер заңсыз жүзеге асырылады. ҚК-тің 143-бабының 3-тармағының диспозициясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуін жасаудың өзі-ақ кінәліні осы құрам бойынша жауапқа тартуға негіз болады. Қылмыс — субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі дәрігерлік құпияны қамтамасыз етуді реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың жәбірленушісі — сырқатқа ұшыраған пациент.

Қылмыс объективті жағынан әрекетсіздік арқылы пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы нормативтік-құқықтық актілер дәрігерлік құпияның жария етілмеуін реттейді. Бірақта оны сақтауға міндетті адам ондай құпияларды ешбір негізсіз жария етеді, яғни әрекетсіздікке жол беріледі. Қылмыс құрамы формальдық, ал дәрігерлік құпия жария етілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет — әртүрлі болуы мүмкін: кек алу, қызғаныш немесе басқадай арам пиғылдар.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — медициналық қызметкер (дәрігер, медбике, фельдшер, т.с.с.).

ҚК-тің 144-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екені туралы мәліметтерді хабарлау үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса (жәбірленушінің қорланып өзін-өзі өлтіруі, ауыр дене жарақатын алуы, ерлі-жұбайлылардың отбасылық қатынастарының бұзылуы т.б.) онда кінәлі адам ҚК-тің 144-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылады.

 

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап)

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 145-бабында тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі — тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру арқылы көрініс табады.

Тұрғын үйге басып кіру біріншіден заңсыз болуы кажет. Екіншіден басып кіру деп ашық немесе жасырын түрде онда тұратын адамның еркінен тыс тұрғын үйге кіруді айтамыз.

Тұрғын үйге — адамдардың түпкілікті немесе уақытша тұратын жеке үйлері, пәтерлері, бөлмелері, қонақүйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылық үйшігі, сондай-ақ демалатын, зат қоятын қосымша жайлары жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сәттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам тұрғын үйге заңсыз кірудің қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет — сан алуан болуы ықтимал.  Қылмыстың объектісі 16-ға толғаң есі дұрыс кез келген адам.

ҚК-тің 145-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен, немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгі уақытта, немесе заңсыз тінтуге ұласып жасалған әрекет, сондай-ақ тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау үшін жауаптылық белгіленген. Күш қолдануға ұрып-соғып, сабап, дене жарақатын салу, жәбірленушіні байлап тастау арқылы үйге заңсыз кіру жатады. Күш қолданамын деп қорқытуға жоғарыда көрсетілген зорлық әрекеттерді істеймін деп психикалық қысым жасау арқылы жәбірленушінің қарсылығын жоюға бағытталған әрекеттер жатады. Қорқыту нақты және шын жүзеге асатындай болуы керек.

Адамдар тобының түсінігі ҚК-тің 31-бабының 1-тармағында берілген.

Түн ішінде тұрғын үйге заңсыз кіру тұрғын жайға ешкімнің тимеуін өрескел бұзу болып саналады. Түнгі 22 сағаттан таңсәрідегі 6 сағатқа дейінгі уақыт түнгі уақыт деп саналады.

Заңсыз тінту деп заңда көрсетілген негіздерсіз заңсыз тінту жүргізіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын ерескел бұзғандықты айтамыз.

Біреуді үйінен заңсыз шығарып тастау деп тұрғын үй заңына қарсы әрекеттер жасап, соттың шешімінсіз немесе прокурордың санкциясынсыз отырған үйінен заңсыз шығаруды айтамыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделгеи әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, онда ол осы қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 145-бабының 3-тармағы).

Ауыр зардаптарға жәбірленушінің ауыр дене жарақатын алуы, есі ауысқан ауруға шалдығуы, оларға ірі матермалдық, моральдық зиян келуі, тағы сол сияқтылар жатады. ҚК-тің 145-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады.

Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

1992 жылғы 15 қаңтарда қабылданған  Қазақстан Республикасының "Діни-сенім  бостандығы және діни бірлестіктер  туралы" заңына сәйкес Республиканың, басқа мемлекеттердің, азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы. Дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді (3-бап).

Осы заңға сәйкес діни бірлестіктер мемлекеттен, мектеп діни бірлестіктерден бөлінген. Діни сенім бостандығын пайдаланып әртүрлі алауыздықтар мен дұшпандық әрекеттер жүргізуге заң тыйым салады. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 149-бабында ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі ар-ождан және діни наным бостандықтарын реттейтін қоғамдық қатынастар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады".2. Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.

Азаматтардың саяси, әлеуметгік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды роль атқарады.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.Адамның және азаматтардың конститутциялық құқықтар мен бостандықтарына қарсы қылмыстарды азайтудың қағидаларының негізгісі заңдылықты сақтау болып табылады.

Қылмыстың осы түрлеріне қарсы күрес тиімділігін арттырудың бірден бір кепілі ол Конститутциямызды және басқа да азаматтық заңдарымызды берік ұстануда жатыр.

Бұл жұмыстың бастамасында осы қылмыстың түсінігін және олардың түрлерін мейлінше ашып көрсеттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.  

Арнайы әдебиеттер

Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан, общая часть, «Әділет Пресс» 1997

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000

Уголовное право Республики Казахстан, учебник. Алматы «Жеті - Жарғы», 1998

Пионтковский А.А. Курс советского уголовного право. Т.2. Москва, 1970

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Алматы «Жеті - Жарғы», 1999

Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. Н.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 1. Алматы: Институт «Данекер», 2000

Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» А. «Жетi Жарғы» 1998

 

Баспа материалдары

Заң газеті Дияров Н Тура билік тұғырында №9  2002

Қоғам және қылмыс Республикалық апталық газет №8 2001

Орысша-қазақша сөздік 1-2 томдар Алматы 1998

 

 

1 ҚР Конститутциясы, Алматы, Жеті жарғы, 2002 ж. 12-бап 3- тармақ, 4 бет. 

2 ҚР Конститутциясы, Алматы, Жеті жарғы, 2002 ж. 12-бап 3- тармақ, 4 бет. 

 

 


Информация о работе Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері