Тулга теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Содержание

1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................
2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................
3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............
6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................
7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….
9. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................
10. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................
11. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................
12. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга теориясы.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

3. Гиппеирейтер Ю. Б.  Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов.  — М., 1997.

4.  Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений:  Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я.  Деятельность. Сознание. Личность. —  2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8.  Теплое Б. М.  Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.

 

Лекцияның мәтіні:

Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық  қажеттеліктері қандай да себептермен  орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың  мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет қылық писхологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай писхикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.

Психологиялық қорғаныс қызметі өзінің мән-мағынасы бойынша қарама-қарсы  екі тарапты құбылыс: бір жағынан, ол адамды өзінің шын мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкестенуге ойыстырса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін кемітеді. (Р.М.Грановская) Психологияда көптен белгілі бітпеген іс-әсері деп аталатын құбылыс бар. Оның мәні - әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орныдаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы ойластырылған формасы деп түсінсе де болады.

Қорғаныс механизмдері табысқа  жетудің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің  түбегейлі бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныстың түрлері: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулау және т.б.

Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелік  көрсетпелеріне қайшыы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндіретіндей сеп-түрткілердің пайда болуынан көрінетін қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай обьектив бағалауды шектейді, осыдан әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.

Ығыстыру – ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеап әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі, себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны – бақалардың оған  істеген жамандығы емес, ал оның өзіне өзі не төңірегіндегілерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары. Өзіне жақпайтын, күйзеліске түсіретін ақпараттарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетіп, әлек болмайды, олар өзінен өзі естен шығып қалады.

Көшіру – адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.

Сәйкестендіру – адамның өзі қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Мысалы, жас өспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнеглерге ойсыз еліктеп, мақсат – мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.

Жаңалау – адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлеледеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың обьектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз көңілін арбауы. Мысалы, баланың жегісі келіп тамсанып, бірақ қаншва тырысса да, қолы жетпеген тәтті жүзімді “ой, әлі піспеген, ащы ғой” деп қолын сілтей салуы.   

Ауыстыру – адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң , оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіліктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады.  Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келегн мәнсіз қимылға ауыса саладаы, осыдан көңіл-күйі жеңіл деп , үлкен күйзеліске түспейді. Кейде аусытыру әрекеттерінен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мәнді істен, болымсыз, фантазиялық кейіпке де түсуі мүмкін.

Оқшаулау – адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілег алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болағг оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрестеді.

Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты  көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәредемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте , оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін танибілсе, өзінің  қандай әректте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері мен  мінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға саапсы оның санасын жаңалап, өмірлік серігіне айналады. Егер адамның өз қадірін сақтауына тірек боларлық ниеттелген  қылық пен күнделікті жүріс тұрыс арасындағы сәйкессіздік туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты іске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешімі табылмайтын болса , адамның өзін өзі жетілдіруі мүмкін емес.

 

 

14-лекция

Жеке тұлға бағыттылығы  мен әрекет мотивациясының ұғымы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Бағыттылықтың негізгі  формалары;

2. Мотив жайлы түсінік;

3. Қажеттілік жайлы  түсінік;

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.  Ананьев Б. Г.  О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т  — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические  аспекты нравственного развития  личности. М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б.  Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов.  — М., 1997.

4.  Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений:  Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я.  Деятельность. Сознание. Личность. —  2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8.  Теплое Б. М.  Избранные труды: в 2-х т.  Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.

 

Лекцияның мәтіні:

Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның  жүйелестіруші қасиеті ретінде  оның психологиялық қалпын анықтайды. 

Жеке тұлғаның негізгі сипаты, адамның  іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты  жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адам бағыт-бағдары  деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе талаптар. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Белсенділік – жеке тұлғаның басты  жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде  байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда  әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады. 

Адам қажеттілігі әр түрлі. Ең алдымен  адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын уйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сиапты туралы айтып отырмыз.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар  таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.  Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үн қағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам қажеттілігі – адамзат  қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда  болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене  түсті.

Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.

Қажеттілік – бұл өмір сүрудің  нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік - жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Қажеттілік жалпы түрде байқалады.

Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі  іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері  туралы деп түсінеміз.

Түрткілер – қажеттіліктің нақты көрінуі.

Түрткілер (мотивтер) – бұл қажеттіліктерді  қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің  барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің  нақты көрінуі болып табылады.

Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін  дұрыс түсінуі қажет. Түрткілер  бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктің  түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу  әрекетінің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.

Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы  бір-бірімен байланысты екендігін  атап көрсетеді.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу – бұл адамның белгілі бір затқа , құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терң білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.

Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады. 

Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты).

Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады. 

Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдайды.

Тұрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рол атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бектітілген еркешеліктеріболып тадыблады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады.  

Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл  әуестенеді және тез суып қалады.

Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденстер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін қызығуды атайды. Бейжай қызығулар – осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуларды айтады.

Жанама қызығулар – нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ  басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін матиматикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдық түрткілермен, борыш сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.

Информация о работе Тулга теориясы