Эклоогиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:00, лекция

Краткое описание

Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ-п.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

Осы жерден болашак мұғалімдер үшін информатиканы окытудың әдістемесі жетіспейтіндігін көреміз, бұл мүғалімдерді кәсшіік дайындауда үлкен кемшілік болып табылады. Мектепте информатика пәнінің тиімділігін арттыруда информатиканың өдістемесін окытудың кажеттілігі қаралады. Жоғары оқу орындарьшда информатиканың әдістемесін оқытуда алынған тәжірибелерге сүйене отырып оқу үрдісінде жаңа информациялык технологияны үйрену және информатиканы мектепте окытудың әдістемесі оқытылу керектігін көрсетіп отыр.

Қазіргі уакытта Э. И. Кузнецов, М. П. Лапчик, С. А. Жданов, М. В. Швецкий, И. А. Румянцев және т.б. өткізген зерттеулердің нәтижесіңде педагогтік жоғары оқу орындарында болашақ  мұғалімдердің көсіптік дайындау күрылымы калыптасты.

Мектептегі есептеуіш  техника кабинетінің аппараттык және бағдарламалык жабдықталуына  катысты білімді, іскерлікті және шеберлікті артгыру үшін болашак информатика  пәнінің оқытушыларын арнаулы дайындыкпен  камтамасыз ету керек. Әдістемелік дайындык болашак мүгалімнің информатиканы оқыту әдісін меңгеруіне мүмкіндік береді. Мұғалімді мұндай көсіптік дайындау жүйесі көптеген педагогтік жоғары оку орыңдарына тән. Осылайша, болашақ информатика мұғалімнің өдістемелік дайыңдаудың мазмұны оның қазіргі кәсіптік дайындығының ең әлсіз бөлігі. Алдыңғы катарлы педагогтік жоғары оку орындарының «информатиканы окыту өдістемесінің» бағдарламалар курсының анализі, осы бағдарламалардың негізінде, тек мектепке арналған информатика окулықтарына түсініктемелер ғана бар екендігін кврсетеді. А. М. Пискунов, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенина, Н. Ф. Талызина және басқа ди-дактиктер мен психологтардың жүмыстарыңда мұғалімдерді дайындап жетілдірудің негіздері көрсетілген. Бұдан информатика пәнінің мұғалімдерін әдістемелік дайындау мазмүны мен кұрылысын жетілдірудің негізгі бағыттарын тұжырымдап шығаруға болады:

-  әдістемелік,  дайындықты  кушейту бағытында информатитка  мугалімін кәсіптік дайындау;

-мектептегі инфарматиканы  оқытудыц әдістемелік жуйесін дамытуда қазіргі заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау бағдарламаларын кұру;

-  информатиканы оқыту  әдістемесінде жеке тақырыптарының  мазмунын, әдістемелік оқыту жуйесініц  элементтерімен толықтыру және  дамыту.

Информатика мұғалімінің кәсіптік дайындалуы негізгі үш бөлімнен кұрылады.

1.   Мұғалімдердід  психологаялық — педагогикалық  жөне өдістемелік дайындығын  арттыру.

2.  Жана информациялык  технологиямен жұмыс істеуде  іскерлігін бейімділігін,  шеберлігін  арттыру.

3.   Информатика  жөне есептеуіш техника саласында базалы білімін жөне ғылыми дайындығын арттыру.

 

 

Лекция №14 Информатикадан өткізілетін кластан  тыс жұмыстар. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемесі

 

Информатикадан өткізілетін  кластан тыс жұмыстар жалпы білім  беретін мектептердегі : оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мақсаты- информатика пәні бойынша оқушылардың творчествалық қабілеттері мен дербестіктерін жан – жақты дамыту. Сонымен бірге, бұл жұмыс оқушылардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің творчествалық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектеп оқу, үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.

Информатика пәні бойынша  кластан тыс жұмыстардың екі  түрін айыруға болады:

  • Программалық материалдарды оқып үйренуде үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
  • Қалғандармен салыстырғанда информатиканы оқып үйренуге қызығушылық және қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс.

Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жеке бұқаралық, топтық түрлері бар.

Кластан тыс жұмыстардың  маңызды міндеттері: оқушылардың танымдық белсенділігі мен творчествалық қабілеттерін, пәнге ынтасын қалыптастыру; математикалық білімдерін кеңейту және тереңдету; дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

қоғамдық пайдалы қызметтерін  қамтамасыз ететін білім, іскерлік және машықтарын қалыптастыру болып табылады.

Кластан тыс жұмыстың негізгі топтық түрі – информатикадан үйірме. Мұны ұйымдатыру және жүргізу үстінде мұғалімнің творчествалық дербестігі айқын көрінеді. Алайда оқыту теориясында үйірме жұмысын сараптаудың дәл алғы шарттары берілмеген. Әдетте үйірме жұмысы жақсы оқитын оқушыларға арналады. Дегенмен де үйірме жұмысына үлгерімі төмен оқушылары да тартудың пайдасы мол. Тек олардың дайындық дәрежесіне қарай тапсырма беріп, қолдап отыру керек.

2.Кластан тыс бұқаралық  жұмыстар. Мектеп тәжірибесінде кластан тыс жұмыстың информатикадан конференция, виктарина, олимпиада мен диспуттар, информатикадан апталық пен күн, оқушылар жұмысының көрмесі, газет және т.б кластан тыс бұқаралық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстардың бірін таңдағанда оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың мүддесі мен ынтасын, пәнге бейімділігін, білімін, ескерлік пен машығын ескерген жөн. Информатика тарихына арналған кештер негізінен информатика ғылымының  өміріне дамутарихына айналады. Сонымен бірге кеш әртүрлі жұмбақты, эстофеталарды қамтиды.информатикадан олимпиадалар - дайындағы неғұрлым жоғары оқушылармен жүргізілетін жарыс.

 

 

 

ЛЕКЦИЯ №15

 ЭЕМ математика үйренудің математика облысында ғылыми зерттеудің құралы

 

Жалпы орта білім беру мазмұнына жаңа пән -«Информатика және есептегіш техника негіздерінің» енгізілуі математика мен информатика пәндерінің арақатынасына, олардың интеграциясына байланысты әдістемелік мәселелер туында-тады.

Бул екі пән арасындағы байланыстар барынша жан-жақты. Бұл  байланыстар, ең алдымен, ғылым мен техниканың барлық салаларын компьютерлендіруге байланысты міндеттер аясында мектептегі математика курсының да жаңартылуын талап етеді. Бұл жағдайда мектептегі математика курсы информатика негіздерінің пропедевтикасы жөне ғылыми базасы тәрізді болады. Ақпараттық технология жағдайында математиканы оқытудың дәстүрпі әдістемелік жүйесін де қайта құру қажет.  Математикадан информатикаға бұған дейін игерілген және машинаға қол жеткізетін алгебралық символикаға негізделген алгоритм ұғымы арқылы көшу идеясы әдістемелік тұрғыдан өте қызықты. Алгоритм - математика мен информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі. Мектептегі математика көп мәнді сандармен арифметикалық жұмыс алгоритмдерінен бастап, кейбір» функция түрлерін интеграциялау және дифференциялау алгоритмдеріне дейінгі сан алуан алгоритмдерге толы.

Сызықтық, тармақталған, цикпдік алгоритмдер де бар онда. Демек, осындай бай материал арқылы алғашқы жеті-сегіз оқу жылында  алгоритм ұғымына қалыптасып, оның түрлері мен ерекшеліктерін білу мүмкіндігі бар. 5-6 сыныптағы математика курсында және алгебра курсында оқушылардың алгоритмді сипаттау әдісінің блок-схемасын меңгеруі көзделеді.

Математика мен информатиканы  оқыту барысында кейбір ұғымдарды  үйлестіру қажеттілігі туады. Мысалы, математиканың символдық тілінің ерекшеліктерінің бірі - әр түрлі айнымалыларды кеңінен қолдану болса, сондай айнымалылар бағдарламалау тілінің де негізгі элементі. Функцияларды есептеу алгоритмдері бул ұғым туралы түсінікті кеңейте түсуге мүмкіндік береді. Алгоритм жасау үрдісінде алгоритмдік құрылымын анықтауға, оны жүйелі түрде жасауға, алгоритмдеу әдістерін шығаруға жол ашады.

Алгоритмдер ұғымын бағдарламалауға  тікелей пайдаланумен қоса, ол математика курсын оқытудағы алгоритмдік бағытты  іске асыруда, оқушы-лардың алгоритмдік  қабілеттерін дамытуда өте маңызды. Алгоритм құру арқылы белгілі бір типтегі математикалық есептердің тұтас тобы шешімін табады.

Математикалық мағынасында  алгоритмдеу дегеніміз есепті шешу формасын жасау, мвтіндік есептердін, математикалық моделін құруды білдіреді және алгоритмдер арқылы алдын-ала сипатталған әрекеттердің автоматты түрде орындалуына жеткізеді. Математикалық модельдерге мысал ретінде алгебраның, тригонометрияның қатынастары мен формулаларын қарастыруға болады.

Компьютерлік техника  құралдарын енгізумен бірге математиканы оқыту мазмұны мен әдістері де өзгереді. Компьютердің есептеу мүмкіндіктерін алгебралық және транценденттік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуге пайдаланған қолайлы. Машиналы графика жүйесімен жұмысты геометрия есептеріне бағыттау керек. Қажетті геометриялық салулар мен есептеулер жүргізу үшін ЭЕМ-ді жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық есептерді көрсетуде пайдалану тиімді. ЭЕМ-ді қозғапысты бейнелеуге, сол арқылы геометриялық фигуралардың түрлендіру тобына қатысты ерек-шеліктерін білуге болады. Сызбаларды, кеңістіктегі фигуралардың модельдерін қүрағанда компьютерді көрнекі қүрал ретінде пайдаланған тиімді. Компьютерді пайдалану мектепте математика-лық тәжірибелер енгізуге жол ашады, ол тәжірибелер шек, үздіксіздік, туынды және интег-рал, т.б. ұғымдарды қалыптастыруға жағдай жасайды. Элементар функциялардың графиктерін зерттегенде компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану қажет.

Жоғары сыныптарда математика курсын оқыт-қанда информатикадан алған  білім мен білік қолданылуы тиіс. Ал төменгі сыныптарда математика курсы информатиканың негізгі ұғымдарын болашақта енгізу, игерту даярлығына бағытталуы ке-рек.

Қазіргі уақытта  математика мұғалімдерін даярлағанда  мектептегі математика мен информатика  пәндерін кешенді түрде үйрену мәселелері осындай актуальды болып отыр. Бұл жағдайда математика курсының көптеген тарауларының маңызын қайта бағалап, көптеген дәстүрлі алгоритмдерді басқа, неғұрлым машинада жұмыс істеуге бейімді алгоритммен ауыстыру өте қажет. Жоғары сыныптарда математика курсын оқытқанда информатикадан алған білім мен біпік қол-данылуы тиіс. Ал төменгі сыныптарда математика курсы информатиканың негізгі үғымдарын болашақта енгізу, игерту даярпығына бағытталуы керек. Қазіргі уақытта математика мұғалімдерін даяр-лағанда мектептегі математика мен информатика пәндерін кешенді түрде үйрену мәселелері осындай актуальді болып отыр. Бұл жағдайда математика курсының көптеген тарауларының маңызын қайта бағалап, көптеген дәстүрлі алгоритмдерді басқа, неғұрлым машинада жүмыс істеуге бейімді алгоритммен ауыстыру өте қажет. Өз кезегінде, математиканы білу информатика және есептегіш техника курсының мазмұндық негізін қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Сонымен, жаңа оқу пәні - «Информатика және есептегіш техника негіздері» мен дәстүрлі математика арасындағы пән аралық байланысты қарастырғанда екі негізгі аспектіні ескеру керек:

-  математиканы оқыту  барысында информатика идеялары мен әдістерінің көрініс табуы;

-  өдістемелік түжырымдардың,  қағидалардың, ұғымдардың жөне терминологияның  уштасып жатуы.

Білім беру жүйесіндегі  өзгерістер математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығына, шеберлігіне, зердесі  мен жалпы мәдениетіне қойылар талапты жоғарылата түседі. Бұл талап үдесінен шығу үшін әр түрлі бағыттағы пәнаралық байланыстарды жандандырған жөн. Мәселен, математика мен информатиканың пәнаралық байланысын жолға қою және оны пайдалану студенттердің біртүтас білімділігін қалыптастырып, болашақ математика және информатика мүғалімдерінің кәсіби міндеттерінін, шешілуіне жағдай жасайды.




Информация о работе Эклоогиялық мәселелер