«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 21:42, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
- экономикалық өсуді ынталандыру;
- кәсіпорын қызметін тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………..

Ι- Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі
1.1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық
маңызы…………………………………………………………………
1.2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің экономикалық көрсеткіштерін
талдау……………………………………………………………………
1.3. «Оңүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтер есебін ұйымдастыру
мен есеп саясаты…………………………………………………………

ΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары.
2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын
талдау…………………………………………………………………….
2.2. Активтер айналымдылығын талдау…………………………………..
2.3. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты
талдау……………………………………………………………………….


ΙΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау мен аудиті.
3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау…………………………..
3.2. Активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалау……………….
3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтерінің аудиті……………

Қорытынды………………………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-активтерді-«Оңтүстік-Жарық-Транзит»-ЖШС.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

 

К 0  =   S N


          3        3 c

Мұнда: К – материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;

Sn- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

З с - өндірістік қорлардың орташа құны;

 

Материалдық айналым құралдардың айналымдылық коэффициент = 1630464/ 275337= 5,9

Неғұрлым айналымдылық кеөрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстын бәсеңдегенін көрсетеді.

Өндіріс пен өнімді өткізуді қалыпьы жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлем жағынан кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қрлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің күрт азайғанын куәландырады.

Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бақылау әдістемесінің де айтардықтай әсерін тигізетінің назарда ұстау қажет.

Қазіргі уақытта материалдақ қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорындарының құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикасында бірінші рет біздің  кәсіпорындар шет елдерде кеңінен танымал және қолдалыатын ФИФО сенімді материалды бағалау тәсіолдерін қолдану мүмкіндігіне ие болады. ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдық қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған өнімнің өзіндік құныны олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шығарылады.

Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.

Біздің елімізде осы кезге дейін материалдық қорларды бағалаудың ең кең тараған тәсілі, дайындаудың орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау болвп келді. Кәсіпорын үшін оны пайдаланудың жағымсыз салдарына мыналарды жатқызуға болады, бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендетеді (табыс пен одан төленетін салықты шүамадан тыс көтереді), екінші жағынан материалдың қалдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.

Тауарлы – материалдық құндылық қорларын сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілін қолдану сатылған өнімнің өзіндік құны материалға ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталып құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары (нарықтық) құны бойынша бағалануына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналым қаражатының және бүтіндей ағымдағы активтерлің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қараған тәсілдерге қарағанда объективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынаны есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджерлердің көз қарасынша әдістің бұл артықшылығы, сонымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін).

Сонымен,тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың үш қаралған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.

Біздің кәсіпорнымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті есеп беру жылында 5,9 рет құрады.

6. Дайын өнімінің  айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұиыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімінің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

 

К 0    =   DN


       r         r

 

Мұнда: К0- дайын өнімнің айналымдылық коәффициенті;

             г- баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.

Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендегі – сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадын тыс жиналып қалғанын білдіреді.

7. Дебиторлық  борыштың айналымдық коэффициенті ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Мұнда;   К0 д13- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

 

Д3 – дебиторлық борыштың кезендегі орташа шамасы.

 

Дебиторлық борыштыш айналымдылық коәфициенті дебиторлық борыштың

Сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген комерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенің көрсетеді. Егер коәффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған  сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі- несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі- несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коәффициентінің ұатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақыттын анықтау мына формуламен анықталады:

Д 0д/3 =   360     =   Д3 * 360


                                                            К 0д/3            Д N

  Мұнда; Д0 д/3 – дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі.

   Дебиторлық борыштың айналымдылығы = 155644/ 13886833  = 0,01 жыл басы; 2345052/863282 = 2,7 жыл аяғында.

 

Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттерлің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.

 

8. Кредиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:

 

К 0К/3 = Д N


                K 3

Мұнда: К0 к/з – кредиторлық борыштың  айналымдылық коәффициенті;

К3 – кезеңдегі кредиторлық борыштың айналымдылығы = 155644/594648 = 0,3 жыл басы;2345052/519797 = 4,5 жыл аяғында.

 

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды . Кредиторлық борыш коәффициентінің өсуі – кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі- несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.

Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:

 

Д 0К/3 =   360      =     К 3 *360


              К 0К/3                 Д N

Кредиторлық борыштың айналым уақыты = 360/4,5= 80 күн

Мұнда: Д o к/з – кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемелерін қоспағанда) көрсетеді.

 

9. Ақша қаражатының  айналымдылық коәффициенті.

Кәсіпорынның ырғақты  қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететіе ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.

Бұндай талдаулың әртүрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барометрі кәсіпорынның  ағымдағы міндеттемелерінің көлемінің өсуі жағдайында, оның ағымдағы активтер құрамында ақша қаражатының үдесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай біздің кәсіпорынымызда орын алып отыр.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі;

 

К 0д.с =    ДС 0


                 ДС с

 

Мұнда; К0 дс –ақша қаражатының айналымдылық коффициенті;

ДС о –талдау кезеңіндегі ақша қаражатыңың айналымы;

ДСс –ақша  қаражатыңың орташа қалдығы

Ақша қаражатыңың айналымдылық коффициенті = 2345052/75820=30,9

 

 

 

Есептеу үшін ақша қаражаттарының шоттары бойынша («касса», (есеп айырысу шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезенінің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады.

 

                      ДC 01     +  ДС 2 + ДС 3 +  _ +  ДС n

ДС с =       2                                  2


             n-1


 

Мұнда; ДСn – n айының басындағы қалдықтар;

         n  - кезеңдегі айлар саны.

Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 1040 «Ағымдағы банктік шотындағы» барлық шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілік өздерінің контрагенттерінен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (қызметкерлердің еңбек ақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын – ала банктен алу болжанады.

Меншікті қаражат есебінен банктер арнайы шот ашып, оны пайдалану (чек кітапшалары, акредиттивтер) да есептесу шотынан сәйкес арнайы шотқа қаражат аудару мен байланысты болады. Бұл жағдайда ақша шоты бойынша несие айналымдарының сомасының айналымы шамасын есептеу үшін пайдалану қосарлас шотқа яғни, оның қортындысында кәсіпорындағы ақша қаражатының айналымдылық көрсеткіші айтарлықтай бұомалануына әкеліп соқтырар еді. Егер кәсіпорында есептесудің едәуір бөлігі касса арқылы беретін болса қолма – қол ақшамен жүргізілсе және арнайы шоттарды кұру заемдық негізде іске асырылса, онда 1010 – тармақтын «кассадағы барлық» және 1020 – тармақтын «банктегі арнайы шоттағы ақша қаражаты» шотында өзінің алдын –ала сомалар 1040 «Ағымдағы банк шотындағы барлық» шотының кредиттік айналым сомасына қосылу керек.

Талдау жүргізген кезіндегі айналымдар санын көрсететін ақша қаражатының айналымдылық коэффициентімен қатар олардың жеткілікті екендігіе бағалауға мүмкіндік беретін ақша қаражатының айналымы кезеңінің ұзақтығы анықталады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:

 

 

Д 0Д.С =  ДС с *Д р


                ДС 0

 

Мұнда; До дс – ақша қаражатының айналым кезеңі;

              ДСс – ақша қаражатының орташа  қалдығы;

              Др – талдау кезеңінің ұзақтығы;

              ДСо – талдау кезеңіндегі ақша  қаражатының айналымы;

 

Формула бойынша есептелген біздің кәсіпорындағы ақша қаражатының айналым кезеңі 2,08 –ден (наурыз) 4,86 (тамыз) күнге дейін ауытқыды. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның шотына ақша түскен мерзімінен оның шығып кетуіне дейін, орташа үш күннен аз уақыт өтті (4,86 - 2,08).

Бұл кәсіпорында қаражатын айқын жетіспейтіндігін білдіреді, ол дебиторлық борыш есеп беру жылынын соңында едауір көлемді 1671 мың тенге, яғни өткен жылдың басымен салыстырғанда 46,6% артық жағдайда, бұл өте кауіпті болып табылады.

Кәсіпорындағы ақша қаражатының іс жүзіндегі қозғалысын ашып көрсету, оның ырғақты түсуі мен жұмсалуын бағалау және кәсіпорындағы қол жеткізген қаржы нәтижесі шамысын байланыстыру үшін ақша қаражатының түсуі (кемуі) мен шығуының (кетуі) барлық бағыттарын бөліп және талдаау керек.

Ақша қаражаты қозғалысының көрсетілген бағыттарын операциялық (ағымдағы), инвестициялық және қаржылық қызмет ауқымында қарау қажет.

 

10. Инвестицияланған  капиталдың айналымдылығын.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коәффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көосетеді.

Алымындап сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде –кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

 

 

К 0и.к =    Д N


                     Д и +К и

 

Мұнда; Ди – және Ки – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

 Бұл коәффициенттің мағынасын  сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзіиді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коәффициентімен салыстырған абзал.

 

11. Істегі капиталдың  айналымдығын алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезендегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.

 

K 0Ф.К. =   Д N


                 Ф к

 

Мұнда: Фк – істегі капитал.

Бұл коэффициенттің мағнасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдығының баяулағанын немесе жылдамдағаннан көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл коэфициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның  сатудан түскен табысын (ақша) тікелкй әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.

 

12. Перманенттік  капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманентті капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:

 

 

К 0пер/к =     Д N


                     ПЕР/К

 

 

Мұнда: Пер/к  - перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент кәсіпорыннның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттремелерінің әсерін еске алу керек.

 

13. Іскерлік белсенділік  индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі)көбейту арқылы есептеледі:

 

И Д/А = Д N  * Д 0


Информация о работе «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті