Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы

Дата поступления: 13 Октября 2013 в 13:06
Автор работы: n***********@bk.ru
Тип: реферат
Скачать полностью (18.57 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

жұлынның құрлысы.doc

  —  81.50 Кб

Жоспар:

1.Жүйке жүйесінің онтогенездегі  дамуы

2.Сезімтал ганглий

3.Шеткері нервтер

4.Жұлын

5.Жұлынның құрылысы

6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша 2 ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі компоненттеріне жатады: 1).эмбрионалдық индукция; 2).радиалды глияның және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын ауыстыруы; 3)байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас; 4).жасушалардың бағдарланған физиологиялық өлімі (апоптоз).

Жүйкелік түтікше бес қабаттан тұрады: ішкі шекаралық мембрана, эпендималық, плащтық (мантиялық) қабаттардан, шеткі пердеден және сыртқы шекаралық мембранадан. Эпендималық қабат қарқынды түрде митозбен бөлінетін вентрикулярлық жасушалардан тұрады. Пролиферациясын аяқтаған жасушалар мантиялық қабатқа орын ауыстырады, бірақ олардың біраз бөлігі орнында қалып эпендималық глияға негіз болады. Мантиялық қабатқа орын ауыстырған жасушалардан детерминацияның нәтижесінде 2 жасушалық дифферон түзеледі: нейрогендік және глиогендік (спонгиогендік). Нейрогенді негізден нейроциттер, ал глиогендіктен эпиндималықтан басқа бүкіл макроглия жасушалары туындайды. Шеткі перде алғашқы 2 қабаттың жасушаларының өсінділерінен тұрады.

Орталық жүйке жүйесінің барлық жасушаларының пайда болу көзі митозбен бөліну қабілеті бар вентрикулярлық жасушалар. Эпендималық қабаттың ішінде орын ауыстыру барысында олар пішіндерін өзгертеді. Бөлінуін аяқтаған нейробластылар, және бөлінуге қабілетті глиобластылар мантиялық қабатқа ауысады.

 Вентрикулярлық жасушалардың  біразы эпиндималық қабатта  қалып, эпендималық глияға және оның бір түрі радиалды глияға айналады. Бұл глияның өсінділерінің бойыменен нейробластылар эпидималық қабаттан жүйкелік түтікшенің сыртқы қабаттарына ауысады. Бас миының үлкен жарты жарларының және мишықтың қыртысының түзелуі кезінде нейробластылар мантиялық қабатқа ғана емес, шеткі пердеге де орын ауыстырғандықтан сұр зат бұл мүшелерде шеттеп орнығады. Мишықта нейробластылар ганлионарлық қабатты (алмұрт тәрізді жасушалар) түзейді. Біраздан кейін олардың бір бөлігі кері қайтып түйіршікті қабатты береді.

Нейробластардың эмбриогенезде орын ауыстыруының бұзылуы агирияға-жарты  жарлардың қатпарларының аз дамуына  әкеледі.

 Жұлынның дамуы кезінде нейробластылардың  шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, сондықтан сұр зат мантиялық  қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда болады.

Сезімтал ганглий

Сезімтал ганглийдің екі түрін  ажыратады: жұлынның және бассүйек-ми жүйкелерінің (V, VII, VIII, IX, X) ганглийлері.

Дамуы. Сезімтал түйіндер ганглиозды табақшаның жасушаларынан дамиды. Олардан  нейробластылар және глиобластылар түзеледі. Басында жұлын ганглиінің нейроциттері биполярлы болады. Кейінірек өсінділердің проксималды бөліктері тез өсе келіп бірігіп кетеді де жалған униполярлы нейроцит пайда болады.

Орналасуы. Жұлынның екі жағынан  әрбір сегменттен алдыңғы және артқы түбіршектер шығады. Алдыңғы түбіршікті қимылдатқыш және вегетативтік жүйке жүйесінің орталық (ассоциативтік) нейрондарының аксондары құрайды. Бұл өсінділер арқылы жұлыннан эфферентті импульстарды шеткері мүшелерге жеткізеді. Артқы түбіршікті түзейтін сезімтал нейрондардың өсінділері афферентті импульстерді шеткері рецепторлардан жұлынға немесе сопақша миға әкеледі. Біраздан кейін екі түбіршік бірігіп жұлынның аралас жүйкесін береді. Екі түбіршіктің қосылған аймағын жұлын жүйкесінің бифуркациясы деп те атайды. Жұлын ганглиі осы аталған бифуркацияға жақын орналасқан артқы түбіршіктің бойындағы сопақша пішінді жуандау түйін түрінде анықталады. Жұлын жүйкесінің құрамына сезімтал нейроциттер тобы келіп орнығады.

 Құрылысы. Сыртынан ганглийлер дәнекер тіндік капсуламен қапталған. Одан түйіннің ішіне қарай жұқа қабаттар кіреді. Қабаттардың бойымен мүшеге қан тамырлары өтеді. Жұлын ганглиінің нейрондары мүшенің шетіне қарай топтаса орналасады, ал өсінділері жүйкелік талшық түрінде түйіннің ортасымен өтеді. Түйіннің нейрондары қызметі бойынша сезімтал болып келеді. Олардың екі түрін ажыратуға болады: күңгірт түсті ұсақ және ашық түсті ірі көлемді жасушалар.

Күңгірт ұсақ нейрондар вегетативті  ганглийде, ал ірі ашық жасушалар  соматикалық түйіндерде орналасады деп есептеледі. Жалған униполярлық нейронның денесінен бір өсінді шығып екіге бөлінеді. Шетте орналасқан өсіндісі - дендрит, ол рецептормен аяқталады. Орталық өсіндісі – аксон. Ол артқы мүйіз арқылы жұлынға кіреді де Лиссауэрдің шеткері аймағына барып екі тармаққа бөлінеді: қысқа төмен кететін және ұзын жоғары өрлейтін. Бұл тармақтардан жіңішкерек бұтақшалар шығып жұлынның әр деңгейінде желатин тәрізді субстанцияның (заттың) ассоциативті нейрондарымен байланысады. Кейбір жалған униполярлы нейрондар бірден мотонейрондармен түйіседі. Жалған униполярлы нейрондарды сыртынан мантиялық олигодендроциттер немесе сателлиттер қоршап жатады. Мантиялық жасушалардың көлемі кіші, ядролары ұсақ дөңгелек пішінді болып келеді. Олардың кейде базальдық мембраналары анықталады. Кейбір түйіндерде, мысалы йірімді және кіреберістік ганглийлерде, сезімтал нейрондар құрылысы бойынша биполярлы. Нейромедиаторлық қызметті сезімтал гаглийлерде ацетилхолин, глутамат, Р-заты, соматостатин, холецистокинин атқарады. Ол жерде гастрин және вазоинтестинальды полипептид де табылды. Р затының көмегімен сезімтал нейронның аксонынан спиноталамикалық жолдың аксондарына ауырсыну жеткізіледі. Ал осы ауырсынуды өткізбейтін ендірме жасушалардың өндіретін екінші нейропептиді энкефалин. Жасушалардың, жүйке талшықтарының араларында қалыңдығы әртүрлі дәнекер тіннің қабаттары болады. Бассүйек-ми жүйкелерінің бойында орналасқан сезімтал түйіндердің құрылысы да жоғарыдай.

Шеткері нервтер  миелинді және миелінсіз талшықтардан, дәнекер тіннен тұрады. Қызметтік жағынан сезімтал, қимылдатқыш, және аралас болып бөлінеді. Нервтің құрамында эндоневрий, периневрий, эпиневрий ажыратылады. Эндоневрий борпылдақ дәнекер тінінің жұқа қабатшасынан тұрады. Ол оксифильді болып келеді, құрамында аздаған фибробластылар кездеседі. Периневрий жүйке талшықтарының шоғырларын қоршай орналасқан дәнекер тіннен түзелген. Оның құрамында бес-алты қабат фибробластылар, коллаген жіпшелері, қан тамырлары, май жасушалары болады. Периневрийде тіндік сұйықтықпен толтырылған әрі екі қатарлы бірқабатты жазық эпителиймен қапталған периневралды қеңістік болады. Бұл кеңістік арқылы инфекцияның, токсиннің жайылуы мүмкін. Эпиневрий жүйкені сыртынан қаптап тұратын дәнекер тіндік қабықша. Оның құрамында қан тамырлары және май жасушаларының жиынтығы болады.

 Нервтің  қалпына келуі оның құрамына  кіретін жүйкелік талшықтардың, строманың қалпына келу қабілетімен  және олардың арақатынасымен  анықталады.

 Жұлынның  атқаратын қызметтері:

1.Рефлекторлық. Сегментарлық моносинапти-калық  доғалардың көмегімен іске асырылады.

2.Өткізгіштік.  Жұлын шеткі аймақтарды бас  миымен және бас миын шеткі  аймақтармен байланыстырады.

3.Эндокриндік.  Жергілікті реттеушілік қызмет  атқаратын көптеген заттар өндіріледі.

Жұлынның  дамуы кезінде нейробластылардың  шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, сондықтан сұр зат мантиялық қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Жұлын жүйкелік түтікшенің кеуделік бөлігінен дамиды. Жүйкелік түтікшенің ішінде ликвор ерте пайда болады. Ликвордың кұрамында ақуыз ересек адамдардікінен көрі 20 есе көп. Ликвор дамып келе жатқан медуллобластылардың қоректенуін қамтамасыз етеді, әрі оның құрамында мүшенің дамуында керекті реттеуші факторлар болады. Көбейген медуллобластылар эпендималық қабаттан мантиялық қабатқа орын ауыстырады. Мантиялық қабаттан кейін сұр зат, ал шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Сұр заттың алдыңғы бағанында орналасқан нейробластылар қимылдатқыш нейрондарға айналып моторлық ядроларды түзейді. Олардың аксондары тез өсіп жұлыннан алдыңғы түбіршік түрінде шығады. Осымен қатар жұлын ганглиінің нейробластылары сезімтал нейроциттерге айналады, олардың аксондары жұлынның артқы түбіршігін құрай мантиялық қабатқа кіреді де мотонейрондармен немесе артқы бағанның интернейрондарымен синапс құрайды.

 Орталық  және шеткері жүйке жүйелерінің морфологиялық құрылымының негізінде нейрондардың өздерінің қызметін атқару үшін ансамбльдерге бірігуі немесе интеграциясы жатады. Нейрондардың интеграциясы нәтижесінде рефлекторлық доғалар түзеледі.

Жұлынның  құрылысы

 Жұлын омыртқа бағанының  ішіндегі каналда орналасқан жуан арқан тәрізді болып келеді. Ұзындығы ер адамдарда шамамен 45 сантиметрге, әйелдерде 41 - 42 сантиметрге жетеді. Жуандығы ұзына бойына әртүрлі. Мойын және бел аймақтарында қол мен аяқтарға қарай шығатын жүйкелерге байланысты оның жуандаған аймақтары болады. Жұлынның алдыңғы, артқы және бүйірлік бөліктерін ажыратады. Әрбір омыртқа деңгейінде жұлын сегменттерге бөлінеді. Жұлын барлығы 31 сегменттерден тұрады. Сегмент жұлынның құрылымдық - қызметтік бірлігі болып есептеледі. Бір сегмент деңгейінде кейбір рефлекторлық доғалар іске асырылады.

Жұлынның көлденең кесіндісінде оның ақ және сұр заттарын ажыратады. Сұр  зат ақ заттың ортасында орнасып, «Н» әрпіне немесе қанатын жайған көбелекке ұқсас болып келеді. Олар көлденең кесіндіде алдыңғы, артқы және бүйірлік мүйіздерді құрайды.

 Ақ затта үш жұп бағандарды  ажыратады: артқы – артқы тосқауылмен  артқы мүйіздердің арасында; бүйірлік  – алдыңғы және артқы мүйіздердің  арасында; алдыңғы – алдыңғы мүйіздермен  алдыңғы саңылау арасында орналасады. Артқы тосқауыл мен алдыңғы саңылау жұлынды екі симметриялық бөлікке бөліп тұрады. Олар алдыңғы және артқы біріккен ақ зат арқылы қосылады.

Жұлынның ақ заты көбінесе миелінді және миелінсіз жүйке талшықтарынан  және тіректік нейроглиялдық аппараттан құралады. Жүйкелік талшықтар ақ заттың құрамында өткізу жолдарын түзейді. Бұл жолдар белгілі рефлекторлық доғалардың бөлігі болып табылады:

1. Жұлынның меншікті рефлекторлық  аппаратының жолдары (проприоспинальды). Олар жұлынның интернейрондарының аксондарынан тұрып, қысқа және ұзын болып бөлінеді. Проприоспинальды нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына кіріп, жоғары өрлейтін және төмен кететін тармақтарға бөлініп, сұр заттың қасымен өтеді. Сұр затқа кіргеннен соң олар ендірме және моторлық нейрондарда синапстар құрайды.

2. Супраспинальдық өткізу жолдары  жұлыннан шығып оны бас миының  құрылымдарымен байланыстырады. Ол  екіге бөлінеді: жоғары өрлейтін  спиноцеребралдық және төмен  кететін цереброспинальдық жолдар. Спиноцеребральдық өткізу жолдары сезімтал мәліметтерді денеден және ішкі мүшелерден бас миына әкеледі.

Цереброспиналды төмен кететін  жолдар бас миын жұлынмен байланыстырады және орталық жүйке жүйесінің  жоғары бөліктерінің жұлынның сегментарлық аппаратының жұмысын реттейді.

Цереброспинальды жолдар жұлынды бас миымен байланыстырып, орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің жұлынның сегментарлық аппаратын қадағалауын қамтамасыз етеді. Микроскопиялық тұрғыдан көршілес талшықтардың құрылысының бір-бірінен айырмашылықтары жоқ. Оларды анықтау және зерттеу экспериментальды кесу арқылы ғана іске асырылады. Жоғары өрлеуші (сезгіш) өткізу жолдарына нәзік буда (Голля жолы) және сына тәрізді жіпше (Бурдах жолы), дорзальдық латеральды жол, жұлын-мишықтық дорзальды жол (Флексиг жолы), жұлын-мишықтық вентральды жол (Говерс жолы), жұлын-таламустық дорзальды жол, жұлын-жамылғылық жол, жұлын-таламустық вентральды жол жатады. Төмен кететін (қимылдатқыш) өткізу жолдарына қыртыс-жұлындық латеральды (пирамидалық) жол, қызыл ядро-жұлындық (Манаков жолы) жол, кіреберіс-жұлындық дорзальды жол, оливо-жұлындық (Гельвег жолы) жол, тор-жұлындық жол, кіреберіс-жұлындық вентральдық жол, жамылғы-жұлындық жол, қыртыс-жұлындық (пирамидалық) жол жатқызылады. Төмен кететін цереброспинальдық жолдарды пирамидалық және экстрапирамидалық деп бөледі. Пирамидалық жүйені бас миының үлкен жарты шарларының пирамидалық жасушаларының аксондары түзейді. Пирамидалық жүйенің жүйкелік талшықтарының біраз бөлігі сопақша мидың, біраз бөлігі жұлынның деңгейінде қиылыстар құрайды, осының нәтижесінде латеральды және вентральды кортикоспинальды жолдар қалыптасады. Олардың терминальдары алдыңғы мүйіздің мотонейрондарында немесе артқы мүйіздің интернейрондарында синапстар түзейді. Пирамидалық жүйе қаңқалық бұлшық еттің қимыл-қозғалысының дәлдігін қадағалайды.

Экстрапирамидалық жүйе қаңқалық бұлшық еттің тонусын сақтауға, дененің  тепе-теңдігін және кеңістіктегі жағдайын тұрақтандыруға қатысатын бұлшық еттердің жұмысын реттеуге жауапты. Оны денелері сопақша мидың және көпірдің ядроларында  орналасқан нейрондардың аксондары құрайды. Аксондар алдыңғы мүйіздердің мотонейрондарында және артқы мүйіздердің ендірме нейрондарында аяқталады.

Жұлынның ақ затының вентральды бөлігінде филогенез барысында  ертерек пайда болған талшықтар  болады («ескі жұлын»), ал жұлынның дорзальды бөлігінде филогенетикалық тұрғыдан жасырақ талшықтар («жас жұлын») анықталады. Біріншілер үлкен сезімтал аймақтардан алынған мәліметтерді «жас жұлын» аймағымен салыстырғанда сәл баяулау жылдамдықпен бас миының сабау бөлігіне жеткізеді, ал екіншілері аз ғана сезім аймағынан (тактильді, бұлшық еттерден, буындардан келетін импульстер) шыққан мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен бас миының қыртысына апарады.

Жұлынның сұр заты мультиполярлық нейрондардан, миелінсіз, миелінді жүйкелік талшықтардан және нейроглиядан (эпендимоглиоциттер, олигодендроглиоциттер, плазмалық астроциттер, глиалдық макрофагтар) тұрады. Жұлынның нейрондарының арасы жүйкелік талшықтардан және глиоциттердің өсінділерінен түзеліп, нейропил деп аталады. Сұр заттың ортасында жұлынның орталық каналы орналасқан.

Адамның жұлынында орналасқан нейрондардың жалпы саны 13-14 миллиондай болады. Олардың  үш пайызы қимылдатқыш, қалған тоқсан жеті пайызы сезімтал нейрондар болып  табылады. Жұлынның барлық нейрондары жұлынның ішіндегі орналасуы мен құрылысына орай үшке бөлінеді: 1.Түбіршікті жасушаларға мотонейрондар және латералды аралық ядроның вегетативті нейрондары жатады. Олардың аксоны жұлыннан шығып оның алдыңғы түбіршіктерін құрайды. 2.Ішкі жасушалардың аксондары жұлынның сұр затының нейрондарында синапстар түзейді. Бұлар ассоциативті нейрондарға жатады. 3.Шоғырлы нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына шығып, сол жерде шоғырлар түзейді.

 Жұлын жасушаларын қызметтік  тұрғыдан да үшке бөледі. Олар  сезімтал, қимылдатқыш және ассоциативтік нейрондар.

 Сезімтал нейрондар көбінесе  жұлын түйіндерінде орныққан. Құрылысы  жағынан олар жалған униполярлы  болып келеді. Қимылдатқыш немесе  мотонейрондар жұлынның көлемі  жағынан ең үлкен жасушалары. Мотонейрондардың өзі альфа-мотонейрон  және гамма-мотонейрон болып жіктеледі. Альфа-мотонейрон беттің бұлшық еттерінен басқа қаңқалық бұлшық еттермен байланыстар түзейді. Гамма-мотонейрон бірінші аталған қимылдатқыш жасушаның қызметін реттеуге қатысады. Ассоциативтік немесе ендірме нейрондар басқа жүйкелік жасушалармен синапстар құрап қозу мен тежелу үрдістерінің пайда болуын және көршілес жатқан сегменттердің байланыстарын қамтамасыз етеді.

Страницы:12следующая →
Краткое описание
Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша 2 ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі компоненттеріне жатады: 1).эмбрионалдық индукция; 2).радиалды глияның және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын ауыстыруы; 3)байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас;
Содержание
1.Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы
2.Сезімтал ганглий
3.Шеткері нервтер
4.Жұлын
5.Жұлынның құрылысы
6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі